Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев


Батырлар  институтының  ішкі  саяси  қызметін



Pdf көрінісі
бет18/22
Дата02.02.2022
өлшемі3,85 Mb.
#116949
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
annotation129503

Батырлар  институтының  ішкі  саяси  қызметін 

айқындауда  қазақ  қоғамындағы  барлық  игі-жақ-

сылардың  бас  қосуымен  өтетін  жиындардың 

маңызы  зор.

  Олардың  ішінде,  әсіресе,  қазақ  қоға-

мын да  қалыптасқан  саяси-әлеуметтік  жағдайларды 

талқылау  үшін  ұйымдастырылатын  хан  кеңесінің 

өзіндік  орны  болды.  Зерттеуіміздің  негізі  болып 

отырған батырлар, одан басқа билер мен жыраулар 

кеңестің  тұрақты  мүшелері  болған.  Ханның  кеңес 

құруы  жорық  үстінде  де,  жорық  алдындағы  дайын-

дық  пен  бағыт-бағдарды  айқындау  алдында  да  іске 

асырылады.  Ханның  жорық  кезінде  ұйымдастырған 

кеңесіне,  негізінен,  батырлар  қатысады.  Хан  батыр-

лармен  жорық  барысында  қалыптасқан  жағдайды 

талқылайды.  Батырлар  өз  кезегінде  пікірлерін 

бүкпесіз  айтып,  ханның  кейбір  шешімдерін  қолда-

майтындықтарын  да  білдіріп  отырған.  Бұл  әскери 

демократияның  бір  көрінісі  ретіндегі  батырлар  инс-

титутының шарықтау шегіне жеткендігінің белгісі бо-

латын.  Бұдан  басқа  да  ұйымдастырылатын  халық 

кеңестерінің  маңызы  хан  кеңесімен  қатар  болмаса, 

төмен  бола  қойған  жоқ.  М.Гродековтың  көрсетуінше 

ондай  халықтық  мәслихаттарда  мынадай  төрт  мә-

селе  қарастырылған: 



жайлау,  қыстау,  соғыс  жəне 

бітім  жариялау

  [17,  25-б.].  Бұлардың  қатарына  хан 

сайлау  мәселесін  де  кіргізуге  болады.  Тереңірек 

үңіліп  қарастыратын  болсақ  аталған  мәселелердің 

бесеуі  де  батырлар  институтының  еркінен  тыс 

шешілмегендігін  аңғарамыз.  Мәселен,  қыстау  мен 

жай лау жер мәселесіне негізделгендіктен, соңғы сөз 

ру  басшысы  болып  келетін  батырларда  болғандығы 

анық.  Олай  деп  тұжырым  жасау  себебіміз  қазақ 

қоғам ының ерекшелігіне сәйкес әрбір рудың арнайы 

ба ғандармен бөлінбесе де, шартты түрде белгіленген 

көшіп-қонатын аумағы болатын. Сол заңдылықтарды 

сақтау,  ру  аралық  келеңсіз  оқиғалардың  орын  ал-

мауын  қадағалау  ру  басшысы  және  сол  кезеңдегі 

мемлекеттің тұтқасын ұстаушы ретіндегі батырлардың 

басты ішкі саяси қызметтері болатын. Қарастырылып 

отырған  уақытта  орын  алған  жаугершілік  қазақ  ру- 

тайпаларының  көпшілігін  орныққан  көші-қон  үр-

дістерінен  тартынуға  мәжбүрледі.  Соған  байла ныс-

ты  өрісі  тарылған  ру  көршілес  орналасқан  рудың 

жерінен  уақытша  енші  алатын.  Бұл,  әрине,  кеңесте 

талқыланып,  екі  жақты  келісім  арқылы  шешімін 

табатын.  Кей  уақыттарда  күшті  рулардың  өздерінен 

әлсіздеу руларды қоныстарынан ығыстырып жіберіп 

отырғандықтарын  да  жоққа  шығаруға  болмайды. 

Мұндай жағдайларда да алдыңғы қатарда батырлар 

қаумының  өкілдері  жүргендігі  айдан  анық.  Ал  соғыс 

пен  бітім  туралы  айтатын  болсақ,  мемлекеттің 

басты  ұстанымдарын  белгілеп,  анықтайтын,  бұл  екі 

үдерісте  батырлар  институтының  қатысуынсыз  ше-

шілмегендігі  даусыз.  Оның  да  себептері  жоқ  емес. 

Аталған  екі  мәселенің  алғашқысы  толығымен  қазақ 

қоғамындағы  батырлардың  өмірлік  қағидаларымен 

ұштасып,  олардың  мойындарына  ілінген  отан  ал-

дындағы  борыш  қамыты  ретінде  сипатталады. 

Соған байланысты, бұл мәселедегі соңғы әрі түйінді 

сөз  батырлар  тарапынан  жасалатын.  Бітімгерлік 

хан ның  шешімімен,  билердің  араласуы  арқылы 

орындалатын  мәселе  деп  айтқанмен  де,  бұл  тағы 

да  батырлардың  келісімінсіз  өтпеген  деп  тұжырым 

жасай  аламыз.  Өйткені  соғыс  кезінде  батырдың 

жауына есесі кеткен шақтары болады. Ал оны қайтару 

немесе  құнын  даулау,  яғни  кегін  алу  батыр  атағын 

иемденген  кез  келген  азаматтың  алдыға  қойған 

принципі болатын. Оның орындалмауы нағыз батыр 

үшін  өлгенмен  бірдей  болатын.  Осыдан  келіп  бұл 

мәселе  де  батырдың  араласуынсыз  өтпеген  деген 

ой  түйеміз.  Құрылтайда  қарастырылатын  тағы  бір 

маңызды мәселе, хан сайлау тәрізді рәсім, батырлар 

қауымының  тікелей  назарында  болған.  Мысалға, 

Әбілқайыр  хан  қайтыс  болған  тұста  Ресейге  қарсы 

батырлар  тобы  Батыр  сұлтанды  ақ  кигізге  көтеріп 

хан сайласа [9, 433-б.], Ресейлік бағытты ұстанатын 

батырлардың  бір  бөлігі  Нұралы  сұлтанды  хан  етіп 

бекітуді  өтініп,  Ресей  әкімшілігіне  хат  жолдаған 

[18,  453-б.].  Дәл  осы  оқиға  Есім  өмірден  озғаннан 

кейін  дала  заңы  бойынша  Қаратай  сұлтанды  хан 

етіп  бекітуді  өтініп,  Ресей  әкімшілігіне  жазған  хатта 

да  қайталанады  [19,  85-85  об.].  Бұл  келтірілген 

деректер  біріншіден  батырлар  институтының  қазақ 

мемлекетінің  ішкі  саяси  жүйесінде  қаншалықты 

ықпалға ие болғандығын көрсетсе, екіншіден, Ресейдің 

аймақтағы  билігінің  артуына  қарай  батырлардың 

біраз бөлігінің саяси ұстанымдарының Ресейге қарай 

ауып бара жатқандығын аңғартады. Қалай дегенде де 

кез келген сұлтанның таққа қол жеткізуі әскери күшті 

қолына  шоғырландырған  батырлар  институтының 

мақсат-тілектеріне  қарай  анықталғандығын  жоққа 

шығаруға  болмайды.  Әскери  демократияның  басты 

қозғаушы тетігі ретінде батырлар өздері тәрізді соғыс 

майданында  қан  кешіп,  жорықтардың  ыстық-суығын 

бастан  өткерген  сұлтандарға  қолдау  көрсететін. 

Соған  байланысты  таққа  үміткер  сұлтанның  басқа 

қарсыластарынан оза шығуына жағдай туындайтын. 

Бұл ежелден тамыр тартатын дала ережелерінің нақ 

көрінісі деуге болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет