Ақылдың алты қалпағы (Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме)


Мен мынадай қорытынды шешімге келдім



бет5/17
Дата02.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#194580
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Әдістер

Мен мынадай қорытынды шешімге келдім_______________
______________________________________________________


Төрт сөйлем


1. Пікір. Мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
Түрлі түсті хатқалта

Тапсырмалар хатқалталарға салынып, топтарға таңдатылады.




Ұшақ сұрақтар

Топ оқушылары мәтінге қатысты бір-бір проблемалық сұрақ дайындайды. Сұрақтарын қағазға жазып, ұшақ етіп дайындап, келесі өздері қалаған топқа ұшырады.


Менің қиялым
Жұптарға А4 қағазының жартысы қиылып беріледі. Олар ұсынылған тақырыпқа өз қиялдарымен берілген уақыт ішінде сурет салады. Уақыт аяқталған соң әр жұп өздерінен қашықтау отырған жұптарға салған суреттерін алып барады. Бір-біріне салған суреттерін береді, суретте олардың не айтқысы келгені туралы жұптар өзара 1 минуттай сөйлеседі, содан кейін суреттің иелеріне олардың суреттерінде қандай ой бар екендігін айтады немесе әңгімелеулейді. Әр жұп айтып болғаннан кейін суретті салған жұптар өздерінің не туралы салғанын айтуларына болады, бірақ жауап берген оқушылардың айтқандары қате болып есептелмейді.


Оқушыларға тақырып беріледі. Берілген тақырыпқа қандай сурет салуға болатындығын қиялдайды.
Оқушылар жұптасып, бір-біріне арқаларын тиістіріп отырады. Өз келісімдерімен, біреуі өзінің қиялын айтып отырады, екіншісі оның айтқаны бойынша сурет салады.
Мен айтайын

Оқушылардың барлығы шығармаға қатысты сұрақ дайындап, кішкентай етіп бүктеп, қорапқа салады. Мұғалім қораптағы сұрақтарды шайқап жүріп, бір оқушыға суыртады. Ол оқушы сұраққа жауап береді, ал сұраққа жауап бере алмаса, оған басқа оқушыға жауап беруге болады. Ұпай жауап берген оқушыға есептеледі. Сыныптан ешкім жауап бермесе, ұпай сұрақты дайындаған оқушыға қосылады. Өздерінің дайындаған сұрақтарына жауап бермейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет