Ж. Берілген тапсырманы оқушы жеке өзі ойланып орындайды;
ЖЖ.Оқушылар жұптасып, бір-біріне ойларын айтады, өте жақсы
жауаптарды саралап, біріктіреді.
Т/С. Жұпта өздерінің ерекше деп таныған жауаптарын келесі топпен немесе сыныппен бөліседі.
Венн диаграммасы
Екі мәтіннің ерекшелігі мен ұқсастықтарын анықтайды.
1-шеңберге «А» мәтінінің, 2-шеңберге «Ә» мәтінінің басты ерекшеліктері жазылады.
Ортаңғы бөлікке екі мәтіннің басты ұқсастықтары жазылады.
«Көңілді қалпақ» ойыны
Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Мұғалім бастаушы оқушыға қалпақ береді. Музыка қосылғанда оқушылар сағат тілінің бағытымен қалпақты бір-бірінің басына кигізеді. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында болса, сол оқушы сұраққа жауап береді.
«Сөздік гол» ойыны
Реттік нөмерін сақтай отырып, сыныпта жасырылған жаңа сөздерді табады. Жаңа сөзді есінде сақтап, берілген кестені толтырады. Бірінші жолды аяқтаған соң «Гол» деген белгі береді.
Ең соңында бірінші жеңіске жеткен топ анықталады. Топта өзара тексеруді жүзеге асырады.