Аѓылшын тілін оќытудыњ ќазіргі замандыќ єдістемесі



бет1/18
Дата13.11.2022
өлшемі0,66 Mb.
#157895
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
stud.kz-6502


Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі


Ж о с п а р ы


Кіріспе.....................................................................................................2

Эффектілі оқыту стратегиялары......................................................................5
1.1 Тіл үйрену және әдістеме ғылымына экскурс..........................................5
1.2 Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері.............................................8
1.3 Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі........................15
1.4 Мультимедиа-инновациялық технологиялар - тілдерге оқытудың тиімді жолдары....................................................................................................30
1.5 Аудиокітаптар ағылшын тілін үйрену құралы ретінде.........................37
Көптілділікке оқытудың әдістемелік міндеттерін шешу жолдары...........40


2.1 Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемелік принциптері..........................................................................................................40
2.2 Ағылшын тілін оқытудың осы замандық әдістемесіне сипаттама....50
2.3 Ағылшын тілін оқытудағы әдістемелердің өмірдегі қолданысы.......54


Қорытынды..........................................................................................................60
Қосымша (суреттер)............................................................................................64


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................68

Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі
Кіріспе
Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың тарихи тәсілдері мен оның негізгі тенденцияларын жетілдіру жүйесіне орала кету орынды.
Қазір шетел тілін оқыту методикасы ғылым болып қалыптасып келе жатқанына ешкім күмән келтіре қоймас. 1930 жылы Е. М. Рыт методикаға алғаш анықтама берген. Ол: «Шетел тілін оқыту методикасы салыстырмалы тіл білімінің тәжірибелік айқындауышы», - деп баға берген болатьн.
Қолданбалы тіл білімі секілді әдістемеге де түрлі көзқарастардың туындауы 1930 жылдардағы шетел тілін пән ретінде оқыту жүйесінің жеткілікті деңгейде анықталмауымен тікелей байланысты болатын. Сол кезеңдерде зерттеу әдістерінің жүйесі де әзірленбеген еді.
Әдістеменің ғылым ретінде сипат алуындағы алғашқы бағыттар Б.В.Беляевтің есімімен ұштасады. Ол әдістемені қолданбалы психология саласына теліді. Алайда, аудитория жұмысына сай іс әдістерін қолданудағы айырмашылықтар, материалдарды сараптау - методиканың басты мәселесі болған. Сондықтан әдістеменің бұл анықтамасы кең жайылған жоқ.
1930 жылдардың аяғы мен 1940 жылдардың басында педагогикалық ғылым ретіндегі методика анықтауыш бағыты ресімделді. Педагогика мен методика үйретуде бір ғана нысанға ие. Ол – оқыту процесстері, тәрбиелеу, оқытудың мақсат-міндеттері, сабақтың мазмұны. Мұның ішінде біртұтас болып қалған педагогикалық ғылым ретіндегі әдістемеге берілген анықтама. Методика - өз алдына ғылым. Оның зерттеу әдістері мен өзіне тән заңдылықтары бар. Оған берілген нақты анықтама мынадай: «Оқыту методикасы – оқыту жүйесін, тәсілдерін, заңдылықтарын, мақсаты мен мазмұнын зерттейтін, сондай-ақ шетел тілі материалы арқылы оқу-тәрбие үрдістерін үйрететін ғылым».
ХХ ғасырдың басында бір мәселе өткір тұрды. Ол - әдістеме мәселесі. Бұл - заңды құбылыс. Өйткені, Қазан төңкерісінен кейінгі «жаңа» мектептер жаңа әдістердің болуын тіледі. Сол кезеңдерде тікелей (натуралды) әдіс насихатталды. Ол тәсіл пәнді ағылшын сөздерімен байланыстыратын – тура принцип негізінде пайда болды. Бұл ағылшын тілін үйренудің еркін (ассоциативті) әдісі еді.
Батыста аралас әдістеме идеясы туындап жатқан шақта, неліктен мұнда тікелей әдіс насихатталды? Алдымен, патшаға бағынышты оқу орындарында жай жаттауға негізделген мәтіндік аударма мен грамматикалық аударма әдістері үстемдік етті. Осыған жататын тікелей әдіс барынша озық сипатта болды.
Екіншіден, сол уақыттағы тікелей әдіс қарым-қатынасқа тәлімдеуді көздеді.
Үшіншіден, І дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыста бастау алған өзге тәсілдерде қарастырылған ұсынымдармен біздің педагог-әдіскер ғалымдар таныс емес еді.
Бұдан бөлек, көптеген методистер мен мұғалімдер үшін тікелей әдіс жаңа, еліктіргіш болып саналды. Олар оның тиімділігіне шынайылықпен иланды.
Заман ағымына қарай тікелей әдіске енгізілген өзгерістер педагогикада туындаған прогрессивті идеялармен терең байланысты.
Көп ұзамай шетел тілдерін оқытудың салыстырмалы әдісі қалыптасты. Бұл әдіс бойынша шетел тілін үйрету ана тілімен салыстыру негізінде жүргізіледі. Осы тәсілдің негізін қалаған - педагог ғалым Л. В. Щербу.
Мұның ізін ала тікелей және салыстырмалы әдістерді қиыстыру арқылы аралас әдіс пайда болды.
Бара-бара шетел тілін оқытудың мақсаттары мен оны меңгертуге деген талап өзгерді. Сөйтіп шетел тілін оқыту жүйесі күйзеліске ұшырады.
Дағдарыс жағдаяты әрдайым түбегейлі өзгерісті талап етеді. Осындай, озық идеялардың жеткіліксіздігі жағдайында коммуникативті оқыту тәсілі жетілдірілді. Дағдарыс нәтижесінде әдістемелік іздестіру жандандырылып, шетел тілін оқытудың заманауи әдістемелік тұжырымдамасы дами түсті. Олар: коммуникативті, интенсивті, іс-әрекеттік және басқалар.
Қазіргі таңда байланыс пен шығармашылық оқытуға негізделген коммуникативті-бағдарлау әдістемесінің орны бөлек.
Шетел тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтырылуы, дамытылуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет