1.4 Мультимедиа-инновациялық технологиялар - тілдерге оқытудың тиімді жолдары
Еліміздегі білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесінен әлеуметтік- экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениеттік әлемдегі ақпараттық даму жаңа технологияларды пайдалануды қажет етуде. Өйткені, бүгінде ғылым мен техниканың даму қарқыны білім беру саласында жаңа тенологиялық әдістер мен инновациялық құрал-жабдықтарды мейтінше қажет етеді.
Еліміздің даму бағыты айқындалған қазіргі уақытта білім берудің маңыздылығы мен мәнділігіне шынайы көңіл бөлініп, сапалы білімге қол жеткізуге нақты міндеттер қойылуы тиіс.
Бүгінде білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялары пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда.
Қазіргі оқыту әдістемесіндегі заманауи бағдар деп инновациялық білім беру жүйесін атауға болады. Ал «Инновация» (лат. тілі. – жаңа, өзгеру деген мағынасын білдіреді) термині түрлі элементтер жүйесі мен солардың аясындағы сандық және сапалық өзгерістерді білдіреді.
Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, яғни, инновациялық үрдістерді мазмұнды ұйымдастыруды анықтайды. Инновация ұғымы алғаш рет ХІХ ғасырда мәдениеттанушылар зерттеулерінде пайда болып, белгілі бір мәдениеттің келесі бір мәдениетке енгізген жаңа элементі деген ұғымды берді. Инновация білім беру мақсатында, оқыту технологиясында, білім беру жүйесінде түрліше қызмет атқарады.
Инновациялық технологиялар оқыту үрдісінде білім сапасын заман талабына сай етіп, жаңашыл бағытта білім алушыларды толық қамтамасыз етеді, жаңаша оқыту жүйесіне бейімдейді.
Ағылшын тілінің мектепте тілден берілетін білім жүйесіндегі негізгі шетел тілі ретінде таңдалып алынуы көптеген факторлардан туындайды. Олар:
әлеуметтік лингвистикалық: Адамзат тарихында бірде бір тілге тән болмаған қызметті атқаратындықтан қазіргі әлемде әмбебап құрал болуымен байланысты;
әлеуметтік мәдениеттілік: Ағылшын тілді мәдениеттің қазіргі әлемдегі мәдениеттің өзара байытылуына әкелетін, мемлекеттерге және континенттерге әсерін тигізетін трансмәдениет, халық туралы білім көзі болып табылатындықтан;
экономикалық: әлемдік экономикалық кеңістіктегі ықпалдасуда әлеуметтік қалыптасу және өсу кезеңінің құралы болып табылатын іскерлі ағылшын тілінің негіздерін меңгеруді бағамдайтындықтан;
Ақпараттық: ғылыми-техникалық ақпараттар легі ағылшын тілінде сақталатындықтан, ағылшын тілінің бүкіл әлемдік Интернет тілі болып отыратындығынан мектептегі ағылшын тілін оқытудың жаңартылған мазмұны әлемдік стандарттарға сәйкес келуі керек.
Мектепте жеке тұлғаның тілдік жүйесінің дамуына көп көңіл бөлінеді. Тілдік жүйенің дамуы дегеніміз – жеке тұлғаның тілді меңгеруі.
Ең маңызды мәселе – ол оқытудың бірыңғай мазмұнын талдау, бастапқы, орта сатыдағы оқытуға арналған.
Оқытудың нәтижелілігіне бағытталған тіл материалдарының көлемін анықтау;
Сыныптар бойынша бағдарлама материалдарының (бірізді, жүйелі, логикалық) презентациясы;
Қарым-қатынас құзырлығын және тілдік сөйлеуді дамытуға арналған арнайы жүйелі жаттығуларды ұйымдастыру;
Ағылшын тілін үйретудегі қарым-қатынас аспектісі мен сөйлеу қабілетін арттыру мақсатындағы жүйелі тапсырмаларды өңдеу;
Ағылшын тілін оқытудағы рационалды әдіс-тәсілдерге оқушы қызығушылығын ояту.
Ағылшын тілін оқытудағы 3 - 4 сыныптардың жаңа бағдарламасының мазмұны оқушының жеке тұлға ретінде тілдік дамуын, ауызша және жазбаша сөйлеуін толық меңгеруге бағытталған. Олар:
Лингвистикалық білімнің (фонетика, грамматика, лексика) ауызша және жазбаша сөйлеу мәнерін қалыптастыруында практиканың маңызы зор.
Берілген білімді ауызша және жазбаша сөйлеу процесінде қолдану.
Оқыту процесі жеке тұлғаның ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Ағылшын тілін оқытудың құрылымы
Ағылшын тілін тереңдетіп оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне сәйкес оқытудың үш сатысынан тұрады:
1 саты – бастауыш мектеп;
2 саты – негізгі мектеп;
3 саты – жалпы орта мектеп.
Алғашқы сатысында оны оқып-үйренуге қызығушылығын қалыптастыру үшін педагогикалық-дидактикалық жағдайлар жасалады, ана тіліне сүйене отырып, ағылшын тілінде тұлғааралық бірліктің қарапайым біліктері қалыптасады.
Екінші сатыда оқушыларда тілдік қызметтің барлық тілдерінде: сөйлеу, оқу, жазу және тыңдап-түсінуді жүйелі дамыту жүзеге асады.
Үшінші сатыда ағылшын тілін оқыту өзара қатысымдылық ықпал етуде оқу әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени, әкімшілік, кәсіптік салада, ресми қарым-қатынаста ағылшын тілін қолдануды қамтамасыз ететін, шетел тілінің қатысымдық бірліктерінің дамуына ықпал етуі тиіс.
Қазіргі заман жаңа формация мұғалімінің моделіндегі интеллектуальдық, қарым-қатынастық және дүниетанымдық секілді негізгі құзырлылықтарды анықтауда тәжірибеде қолданылып жүрген тиімді әдіс-тәсілдер мыналар:
Компьютерлік технологияларды, оның ішінде мультимадиалық кабинет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптілділікке оқыту;
Мультимадиалық кабинет
Көптілділікке оқытудың әдістемелік міндеттерін шешу жолдары
|
Интернет ресурстары
|
Электронды оқулықтар, компьютерлік оқыту бағ/сы
|
Интерактивті модуль
|
Аудио-видео
|
Он-лайн режіміндегі тапсырмаларды орындау, ақысыз электронды сайыстарға тізілу, «Макмилан» баспасынан шыққан оқу әдістемелік кешенін пайдалану, Интернет желісіндегі аутентикалық дыбысты мәтіндер негізінде тыңдап түсіну дағдысын жетілдіру
|
Лексика, грамматика, фонетика пәндеріне арналған дайын материалдар, оқуға арналған қосымша мәтіндер, жобалау жұмыстарына арналған материалдар
|
Форум, чат, вэб-квест (оқушылардың жоба жұмысы пікірталас)
|
Жеке жұмысты істеуге арналған тапсырмалар мен әдістемелік ұсыныстарды қолдана отырып, видео материалдарды көру
|
Көптілділік ұғымы – шетел тілін меңгеруде сол тілде еркін қарым-қатынас орнатудың ең бір тиімді формасы болғандықтан, оқу-әдістемелік процессте Америка, Британия, және Корея мектептерінің озат әдістемелік тәжірибелері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |