Жеке қарым-қатынасты бағдарлау принципі аса маңызды принциптердің қатарында. Ол қарым-қатынас жасауға, білім беру мен тәрбиелеу міндеттерін іске асыруға негізделген. Қарым-қатынаста әрбір оқушы іс-әрекет ие болып көрінеді. Осы реттегі адамдардың танымы өзара қатынас үшін аса қажет.
Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы рольдік принцип жоғарыда аталған принциптермен тығыз байланысты. Дәріс барысындағы өзара қарым-қатынасты басқаруда рольдік әдістердің ықпалы зор. Рольдік ойын – оқушылардың шет тілінде байланыс орнатуының ең тиімді тәсілі.
Оқу үрдісі мен оқу материалдарын ұйымдастырудағы жинақтау принципі интенсивті әдістің ең сапалы принципі. Жинақтау түрлі аспектілер кезінде туындайды. Мәселен, оқу сабағын жинақтау, оқу материалдарын жинақтау, т.б.. Мұның бәрі әр алуан жұмысты талап етеді. Бұл оқытушылардың үнемі жаңа жұмыс формаларын іздестіруін талап етеді.
Оқытудың интенсивті әдісіндегі жаттығулар жүйесін жан-жақты сипаттайтын принцип – көп функциональдық принципі. Сөйлеу арқылы қалыптаспаған тілді дағды әрдайым әлсіздеу келеді. Сондықтан да бір мезгілде тілдік материал мен сөйлеу әрекетін қатар игерту ағылшын тілін меңгертудің жемісті жолы болып саналады. Осы тәсілді жүзеге асыратын принцип - көп функциональдық принцип. Ал кез келген жаттығу оқушы үшін бір функциональді, оқытушы үшін көп функциональді болуы мүмкін. Аталған әдістемеге көп функциональдық міндетті түрде қажет.
Жоғарыда аталған ағылшын тілін интенсивті игертудің бес принципі оқу пәндері мен оқу әрекетін терең байланыстырумен қатар сабақтың мақсатын эффектілі жүзеге асыруға ықпал етеді.
Ағылшын тілін оқытудағы осы замандық әдістемелердің бірі – іс-әрекет әдісі.
Алғашында бұл әдіс үйренушілердің жоғарғы контенті үшін қолданылды. Одан соң жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптары мен бастауыш сыныптарына да енгізу өріс алды.
Бұл әдістеменің басты принциптері:
Логикалық ойлауды қажет ететін принцип. Іс-әрекет методикасы оқушылардың ойлауына, түсінігіне бағытталған. Сөйтіп мектеп қабырғасынан-ақ жас буынның ойлау қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол оқушының тілдік әрі сөйлеу дағдысын жинақтап, жүйелендіруіне жол ашады.