Ақынның сөзі жүректе атты кеш сценарийі Мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі107,26 Kb.
#33760
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына арналған

«Ақынның сөзі жүректе» атты кеш сценарийі


Мақсаты:

-XX ғасырдың  таңғажайып ақыны Мұқағали Мақатаевтың жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау,

-ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу, өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру, отаншылдыққа, сүйіспеншілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу, ақынның  парасатты поэзиясы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу .

Түрі: Әдеби поэзиялық кеш.

Көрнекілігі:Акт залын шарлармен безендіру. Ақынның портреті, интербелсенді тақта, үнтаспа, қанатты сөздер, шағын көрме, буклет, автордың кітаптары, мақала қиындылары т.б.

1-Жүргізуші: Армысыздар ардақты ата – аналар, ұлағатты ұстаздар, құрметті оқушылар! Бүгін біз ақиық ақын Саф өлеңнің жүйрігі, ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы, Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жас толуына байланысты ұйымдстырылып отырған кешке қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Ақын тойы – бәріміздің тойымыз, өзін қазақпын деп санайтын бүкіл халық тойы.

Бүгін менің туған күнім, ой, беле-ай,

Мына халқым неге жатыр тойламай?!

Бір той жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір бір жарытпай-ақ қойғаны-ай! – деп ақын сөзімен айта келе, «Ақынның сөзі жүректе» атты поэзиялық кешімізді ақын М.Мақатаевтың есімін ардақтауға арнаймыз!

Хор «Сарыжайлау»

1-Жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, - деп жырлаған ақын биыл тірі болса ақпан айының тоғызында 85 жасқа толар еді.

2-жүргізуші: Алдымен кешімізді бастамас бұрын Мұқағалидың өз дауысын тыңдап алсақ

1-жүргізуші: 
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә, ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрелік.

-        Туған жерің? 


-        Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың. 
-        Туған жылың? 
-        1931. Құрдасымын  Шәмілдің. 
-        Жынысың кім? 
-        Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы    тәуірмін... 
-        Партияда барсын, ба? 
-        Жоқпын. 
Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын. 
-        Шыққан тегің? 
-        Шаруамын. 
Бар тірліктен бағалы оны санаймын. 
-        Білімің ше? 
-        Орташа ғой. 
Алайда өзім жоғарыға балаймын. 
-        Ана тілің? 
-        Қазақша. 
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар. 
-        Қайда істедің?

-        Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал. 


Оқымаған, дипломсыз демесең, 
Бір басымнан бар мамандық табылар.

-        Міндеттісің бе әскерге? 


-        Міндеттімін. 
Біздің әлі жас кеуде. 
Жауынгердің ұлымын ғой, 
Жанын қиған Мәскеуге. 
-        Сөгіс алып көрдің бе? 
-        Ол жағынан періште едім дей алмаймын 
Мен мүлде. 
Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету, 
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де... 
-        Шетелдерде болдың ба? 
-        Болғамын жоқ. 
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. 
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, 
Осы отырған орнымда-ақ. 
-        Мекен-жәйің? 
-        Мекен-жәйім - жер менің. 
Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, 


Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
2 - жүргізуші:
Ән сал, жаным!
Әніңмен тербет мені
Бір сәтке тынсын, тіршілік жер көктегі
Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды. Оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.

Ән


1-Жүргізуші

Мәңгі тірі, өлмейді ол, рухы мықты,

Жартастардан мұңды үні жаңғырды.

Абай дана айтқандай - өр ақынның,

өлмейтұғын артында сөз қалды.

Өлең оқу



ән

2-Жүргізуші:

Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы, - деп Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.
«Поэзия» өлеңі.

ән

1-Жүргізуші: Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келеді.
«Шеше, сен бақыттысың» өлеңі

ән
2-Жүргізуші: Мұқағали балаларын көргенде майдай еритін. Ол баланы ұстауға да, күтуге де шебер болды. Мұқағали балаларын жанынан бетер жақсы көрді. Төрт перзентінің маңдайынан шертпей өтті. Балалары десе ішкен асын жерге қойды. Ендеше, Мұқағалидың балаларына арналған жыр жолдарына кезек берейік.
«Майгүлге
«Майгүлге»
«Шолпаным»
«Ұлыма»
«Арманда, ұлым»

ән

1-Жүргізуші: Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Көзімнен ғайып болған күнім едің
Гүлім едің
Елтіген түнім едің.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің? – деп жырлаған Мұқағали ақын. Ендеше, ақынның махаббат
тақырыбына жазылған жырларын назарларыңызға ұсынамыз.
«Ғашықпын!»
Ғашықпын, 
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам болмайын, сол аман ба?!
О. Тәңірім неткен жан ед қайырылмайтын,
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!

Ғашықпын,
Қайтып оны жасыра алам, 
Бір алтын оның әр тал шашы маған. 
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам. 
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің кеткенім бе?
Шарқ ұрып бар ғаламдышыр айналып,
Мәнгілік сені іздеумен өткенім бе?

Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сенімді шашып болып,
Өтермін сірә да мен бұл өмірден, 
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып. 

«Махаббат диалогы» 
- Құс боп ұшып жоғалсам н, не етер едің?
-сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
-Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
-Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
-Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
-Қойшы сәулем, бәрін де көтеремін.

Өлең оқу

ән

2-Жүргізуші: Мұқағали Мақатаев біздің дәуірдің 60-70 жылдарындағы қазақ поэзиясының шоқтығын биік көтерген талант иесі. Ол әдебиетке келген жылдардан-ақ жыр әлеміне үлкен дайындықпен, ауыз әдебиеттің бай мұраларынан терең сусындап, мөлдірінен сіміріп бойына шалқар қуат дарыта келді.

Көрініс «Райымбек, Райымбек»

Өлең оқу

Ән
1-Жүргізуші: «Біз Мұқағалиды сәл де ұмытқан жоқпыз. Ұмыта да алмаспыз. Қайта арамызға түскен уақыт оның тұлғасын зорайта асқақтата түсіпті...», - дейді Әбділда Тәжібаев. Ендеше келесі кезекті ақиық ақынға арнап оқушылардың өздері шығарған өлеңдерін оқуға берейік
Ән ----------

2-Жүргізуші: Егер біз Абай десек - Әуезовті, құлагер десек - Ақан мен Ілиясты, ал Қарасаз десек – Мұқағалиды қатар айтамыз. Кішкентай ауылдан шыққан үлкен ақын - өзін де, ауылын да бар қазаққа танытты.

Өлең оқу


Ән
1-Жүргізуші: Мұқағали Мақатаев ғасырдан ғасырға жырлары жаңарып, жетіп отыратын тот баспайтын шын асыл. Қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарса,ол ақынның еліне, өлеңіне деген адалдығы.

Өлең оқу


Ән --------------
2-Жүргізуші

Өмір! Мұқағали осы өмірде өрт жүрегімен маздап, лапылдап жанып тұр. Оның өлеңдері - өрт жүректің өмір өзені. Ал өмір өзен – тұрған өшпес өлеңдер!

Өлең оқу

Ән-------------


1 - жүргізуші:
Аузын ашса, жүрегі көрінетін,
Көмейінен отты жыр төгілетін,
Қайран Мұқа, аруақты ақынсың ғой
Қас тұлпардай жер тартып тебінетін.

Өлең оқу


Ән----------------
2-Жүргізуші:
Бейнет кешіп жасыңның жастығында,
Көрдің талай пақырдың қастығында.
Мазақ қылды-ау біреулер іші күйіп,
Сәттеріңді айналған тас тұғырға.

1-Жүргізуші:
Қазақ талай қазақпен кектеседі,
Керек емес біреудің от көсеуі.
Тілден безіп жүргендер бір сөзіңнің,
Дәмін алса ешқайда кетпес еді.
Ақиық ақынның ұрпаққа ұран болған жырларын елі де, ақынның ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ешқашан естен шығармайды деп сенеміз.

2-Жүргізуші:

Бала ақынға армансың - Мұқағали,

Ұқсағысы келетін өлеңімен,

Ғашықтарға армансың – Мұқағали,

Жүрек отын жеткізер жырыменен.



1-Жүргізуші

Мәңгі тірі, өлмейді ол, рухы мықты,

Жартастардан мұңды үні жаңғырды.

Абай дана айтқандай - өр ақынның,

өлмейтұғын артында сөз қалды.

2-Жүргізуші: Өмір! Мұқағали осы өмірде өрт жүрегімен маздап, лапылдап жанып тұр. Оның өлеңдері - өрт жүректің өмір өзені. Ал өмір өзен – тұрған өшпес өлеңдер!

1-жүргізуші: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?

Өлең оқу
2-жүргізуші:

Ақ ұлпа жерді жапқанда,

Ағаштар сырға таққанда.

Бозарып атқан ақ таңда,

Бозарып тұрып ақпанда

Есіңе мені алғасың,- деп толғанады ақын.



Ән: «Есіңе мені алғайсың » хор

1-Жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізіне берейік.
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!

2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймыз.

1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!

(Кеш барысында мәнерлеп оқуда, әндерін орындауда көзге түскен оқушыларды марапаттайды).
Жүргізуші: Бүгінгі поэзия кешіне қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз.

1-жүргізуші: Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Ақынның сөзі жүректе» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.

Жүргізуші: «Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған» - деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген
Мақатаев жырлары, бүгінгі кеш барысында оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз. Олай болса, поэзия кешіміздің қорытынды сөзін мұғалімдерге береміз.
2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық.

Алматы облысы Алакөл ауданы Арқарлы орта мектебі



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Утебаева Айгерім Мұратханқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет