Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы



бет42/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Дыбыс қабылдау механизмі. Есту орталықтарының қызметі
Құлақ қалқаны қабылдаған дыбыс толқыны есту жолы арқылы дабыл жарғағын тербелтеді. Бұл тербеліс есту сүйектерінің тізбегімен сопақша тесікке беріліп, саға өзегіндегі перилимфаны толқытады. Одан әрі толқын геликотрема арқылы дабыл өзегіндегі сүйыққа тарайды. Осы толқын әсерімен негізгі мембрана тербеліп, оған бекіген есту жасушаларының түктері жабынды мембранамен түйіседі де, бұл жасушаларда қозу пайда болады. Қозу үрдісі ұлу жүйкесінің үштарынан есту жүйкесіне беріледі де, одан әрі есту жолымен сопақша ми, аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының самай бөлігінде орналасқан есту талдағышының қыртыстық бөліміне беріледі.
Дыбыс. Сыртқы құлақ. Дабыл жарғағы. Ортаңғы құлақ. Есту сүйекшелері. Ішкі құлақ. Иірім. Вестибула аппараты.
Вестибулярлық аппарат, оның атқаратын қызметі
Құлақ сағағы мен жартылай дөңгелек түтіктер вестибулалық аппаратты құрайды. Вестибулалық аппарат дененің жазықтықтағы жағдайын бағдарлауды және тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді.
Жартылай дөңгелек түтіктер бір-біріне перпендикуляр үш бағытта орналасады. Әр түтіктің бір үшында ампула тәрізді аздап кеңейген бөлік болады. Жарғақты түтіктің осы бөлігінде ескек пішіндес, жартылай мөлдір іркілдек затпен оралып жататын кірпікті ұзын рецепторлық жасушалар орын тебеді. Осы құрылым бастың кеңістіктегі жағдайын қадағалап отырады. Бастың кеңістіктегі жағдайы, қозғалыс бағыты өзгерсе, немесе айналмалы қозғалыс басталса, эндолимфа осы рецепциялық жасушаларды толқытады, қозу тудырады. Осыдан ми құрылымдарына қимыл бағытының езгерістері жайлы ақпарат жіберіледі.
Сағаның (кіреберістің) қапшықтарында сезімтал жасушалар шоғырланған дақ деп аталатын дөңестеу бөлік болады, Бұл сезімтал жасушалардың бір бөлігі цилиндр пішінді келеді де, екінші ұшы сүйірлене бітеді. Оның сүйір ұшында бос тұрған бір қимылдағыш және бір-біріне жабысқан 60-80 кірпікшелер орналасады. Бұл жасушалар ерекше іркілдек зат массасына батып жатады. Осы массаны отолит жарғағы (отолит мембранасы) деп атайды. Оның беткейінде көптеген алты қырлы өте майда фосфор-көмір қышқылды кальций кристалдары - құлақтас (отолиттер), - жатады, ал жарғақ сезімтал жасушалар кірпікшелерін қысып тұрады. Қимыл үдегенде не баяулағаңда, дененің, бастың кеңістіктегі қалпы өзгергенде отолит өз салмағын жасуша кірпіктерін не кереді, не басады, не бір бүйірге тартады, Осыдан сезімтал жасушалар тітіркеніп, жағдайды орталық жүйке жүйесіне хабарлайды.
Иіс, дәм, тері анализаторлары маңызы.
Иіс сезу - заттың иісін қабылдау. Иісті қабылдайтын иіс сезу жасушалары мен рецепторлар мұрын қуысының сілемейлі қабықшасының жоғарғы жағында орналасады. Рецептор жасушалары шеткі қысқа өсінділер (15-20 мкм) мен ұзын орталық өсінділерден тұрады. Жасушаның денесі сілемейлі қабықшаға тереңірек еніп жатады. Иіс сезу жасушаларының шеткі өсінділерінің ұшы кеңейіп, жуандап, онда 10-12 үшкір түктер орналасады. Бұл түктер иісті заттардың молекулаларымен өзара әрекеттеседі. Иісті заттардың молекулалары мұрын қуысының сілемейлі қабығының беткі жағында болады. Бұл молекулалар мұрынның сілемейлі қабығындағы бездерден бөлінетін сұйықтықта ериді. Еріген заттар иіс сезу түктері мен оның жуан ұшын тітіркендіреді. Қозу иіс сезу жүйкесі арқылы ми қыртысының маңдай бөлігінде болатын иіс сезу орталығына өтеді. Осы орталықта заттың иісін сезу талданады. Иіс сезу мүшесінің рецепторлары тек газ тәрізді заттарға ғана тітіркенеді.
Иiс сезiмдерi екi түрлi сенсорлық рецепторлар арқылы қабылданады Иiс нервiмен байланысқан және үшкiл жүйкемен ұштасқан сенсорлық клеткалар. Тек қана иiс нервiне әсер ететiн заттарды ольфактивтi, ал үшкiл нервiне әсер ететiн заттарды химиялық заттар дейдi.
Иіс сезу талдағышы балаларда туғанан кейінгі алғашқы күндерден-ақ қызымет атқара бастайды. Олар оған бет әлпетінің қимылымен немесе түшкіріп жауап береді. Ал кейбір жағымсыз иіске қол- аяқтарының қорғаныс қимылдарымен‚ бетін бұрып‚ көзін ашып -жұмып‚ не дауыстап жауап береді. Жағымсыз иістер нәрестеге күшті әсер етеді‚ оның тынысы өзгеріп‚ жүрегінің соғуы жылдамдайды‚ маңдай еңбегінің пульсі қатты -қатты соғады. Иіс баланың дене шынығуы мен ақыл – ойының қабілетіне‚ оның көңіл – күйіне және организімнің жағдайына әсерін тигізеді.
Дәм сезу
Дәм сезу мүшесі ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті, ащы, тұзды, қышқылдың әсерін сезеді. Тілдің сілемейлі қабықшасында дәм сезу емізікшелері мен бүртіктері болады. Бүртік жасушаларының ұшында 40-50-дей жіңішке түтікшелер орналасқан. Тамақ заттары дәм сезу жасушаларының түтікшелерін тітіркендіреді. Қозу дәм сезу рецепторларынан тілге келетін жүйке талшығы арқылы сопақша миға, одан ортаңғы мидағы көру төмпешіктері мен ми қыртысына беріледі. Тілде сезімтал рецепторлар біркелкі орналаспайды. Мысалы, тілдің ұшы тәттіні, артқы бөлігі ащыны, жиегі қышқылды Адамның дәм сезiмi арнайы дәм сезгiш баданалардың қызметiне байланысты пайда болады. Дәм баданалары ересек аламның тiлiнде, таңдайында, жұтқыншақтың артқы қабырғасында, жұмсақ таңдайында орналасқан. Дәм сезу баданасы көп қабатты эпителийден тұрады. Олар ауыз қуысының қабырғасында жапырақша және ұшында орналасқан. Бiразы таңдайда, жұтқыншақтың басталатын жерiнде кездеседi. Осылардың жиынтығы дәм реценторын құрайды.
Дәм сезiмi 4 түрлi: тәттi,тұзды, ащы және қышқылды
Сипап сезу (түйсіну) арқылы заттың пішінін, қаттылығы мен жұмсақтығын, тегістігін, жылы-суықтығын анықтайды. Терінің сыртқы және нағыз тері қабатында орналасқан рецепторлардың пішіндері мен қызметі әр түрлі. Біреуі жанасуды, екіншісі жылуды, үшіншісі суықты, төртіншісі ауырғанды қабылдайды. Жанасуды қабылдайтын рецепторлар терінің сыртқы қабатында, алақан мен саусақ ұшында көбірек болады. Тері арқылы суықты, жылуды, жанасуды, ауырғанды сеземіз. Затты ұстап, саусақпен сипағанда тері рецепторларындағы козу миға беріледі.
Есту гигиенасы
Құлақ аурулары – құлақтың сыртқы, ортаңғы және ішкі бөліктерінде кездесетін дерттер. Құлақ аурулары жедел және созылмалы деп бөлінеді. Жиі кездесетін сыртқы құлақ ауруларынаотит, перихондрит, отогематома, құлық, т.б. жатады. Әсіресе, балаларда жиі кездесетін түрі – сыртқы есту жолына бөгде дененің түсуі. Бұл кезде баланың құлағы қышып, есту қабілеті төмендейді. Осының салдарынан есту жолы терісі қабынып, сұйық зат бөлінеді. Емдеу үшін бөгде денені жою мақсатында спиртті тамшы тамызады, стерильді жылы ерітіндімен есту жолын тазалайды. Ауру асқынып кетсе хирургиялық операция жасалады. Ішкі құлақ ауруларынан есту жүйкесінің невриті мен отосклероз жиі кездеседі. Есту жүйкесінің невриті түрлі жұқпалы аурулардың (тұмау, қызылша,қызамық, т.б.) асқынуынан және құлаққа түрлі инфекциялардың түсуінен болады. Белгісі: құлақ үнемі шуылдап тұрады, адамның естуі төмендеп, тіпті сөйлеудің өзі қиындайды. Науқасты емдеу үшін мидың қан айналысын жақсартатын препараттар, В, С тобының витаминдерін ішкізеді, кейде лазерлі және төмен жиілікті магниттік терапия қолданылады. Отосклероз (грек. otos – құлақ, sklerosіs – қатаю) – екі құлақтың да есіту қабілетінің төмендеуі. Әдетте дыбыс толқыны дабыл жарғағынан және есіту сүйекшелерінен өтіп, есіту жүйкелерін тітіркендіреді. Ауру кезінде ортаңғы құлақты ішкі құлақпен жалғастыратын үзеңгі, төсше және балғашық сүйекшелері қозғалғыштық қабілетінен айырылады. Соның нәтижесінде дыбыс есіту жүйкелеріне жетпейді. Аурудың белгісі бірден байқалмайды, адамның естуі бірте-бірте төмендейді. Дәрі-дәрмекпен емдеу көп нәтиже бермейтіндіктен, көбіне есіттіргіш аппараттарды пайдалану не хирург. операция жасау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет