Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Тыныс алуды реттеу. Балалардың тыныс орталықтары



бет58/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Тыныс алуды реттеу. Балалардың тыныс орталықтары
Бала жаңа туылған кезде, мұрын қуысы да өте шағын, мұрын жолдары нашар дамыған болады. Төменгі мұрын жолдары 6 айлық шамасында бастайды да, 3-7 жасына дейін тез өсіп, 13 жасында қалыптасады. Мұрынның ортаңғы жолы 2 жасынан қалыптаса бастап, ол 20 жасына дейін созылады.
Мұрынның кілегей (шырышты) қабаты ересекке қарағанда, саңлауларындағы қантамырларымен жабдықталуы мол, ауаны жылытуы жақсы. Бірақ демді алғандығы ауаның өтетін кеуекті бөлімдерінде қантамыр өрімдері жетілмеген. Сондықтан да кілегей үнемі ісініп тұратындықтан мұрынмен тыныс-тану қиындайды, бірақ мұрыннан қан кету мүлдем болмайды.
Иіс сезу аймағының кілегейі (шырышы) тез өзгереді. 7 айлығында иіс буылтығы айқындалып, 2 жасқа келгенде үлкен шоғыры түзіледі. Осыған байланысты балада иіс сезімі тез дамиды деп айтуға болады.
Нәрестенің мұрын қосалқы қуысы өте жетілмеген. Тор сүйектің шытырманы (лабиринт) 12-14 жаста қалыптасады. Маңдай қуысы 1 жас соңында дами бастайды да, дамуы 11-12 жаста аяқталады. Нәрестенің үстіңгіжақ қуысының нышаны да және қалыптасуы да тек 12 жасынан басталады. Негізгі қуыстардың дамуы 3 жасынан басталып, бұл да 12 жасында аяқталады. Сөйтіп емізулі балаларда мұрынның қосалқы қуысы болмағандықтан, олардың бұл жасында қабыныс (қабынуы) болуы мүмкін емес. Демек қабыну болмайды.
Нәрестенің мұрын-жұтқын-шақ жолы өте келте. Ол мүшенің өсетін кезеңі 14-18 жас аралығы. Нәрестенің жұтқыншақ бадамшасы (миндалинасы) жұтқыншақтың артқы қабырғасында орналасады. 1 жасында ол өте тез өсіп, төбеге жақындайды да, оларды жауып қалуы да мүмкін. Одан кейін 6 жастан 14 жасқа дейін өсу баяулайды сосын оның кері дамуы басталады.
Есту түтігінің тесігі төмен орналасқандықтан, балалардың жо-ғарғы тыныс жолының аурулары көбінесе ортаңғы құлақтың қабы-нуынан асқындайды. Бұл жағдай ортаңғы құлақ пен жұтқыншақ (ауыз қуысы) аралығын жалғастырып тұратын тұрақты келте, әрі кең түтігі арқылы ортаңғы құлаққа жұқпалы ауру жәндіктері (инфекция) өтуіне байланысты.
Нәрестенің көмекейі ересектерге қарағанда, үш омыртқа деңгейінен жоғары орналасқан. Сондықтан да бала бір уақытта (мезгілде) тыныстанады және жұтына да алады. Көмекей әр жаста әр түрлі өсіп дамиды. 3 жасқа дейін ұлдар мен қыздардың көмейі бірдей жылдам өседі. 3 жастан 12 жасқа дейін оның өсуі баяулайды, бірақ шеміршек-тердің пішіні күшті өзгереді. Олардың тығыздығы, шырышты қабатының құрылысы, дыбыс байламы бір жастың ішінде және 14-16 жастарында тез өседі. 12 жасынан жыныстық белгі айырмашылығы қалыптасады, бұл уақыттан ұлдардың дыбыс байламы (1,65 см), қыздарға (1,5 см) қарағанда ұзарады. Осыған орай ұлдардың дыбысы – дауысы түбегейлі жуандап мутацияланады.
Нәрестенің кеңірдегі мен ауатамырлары (бронхтары) 6 айға дейін және 14-16 жас арасында қарқынды дамиды, ал кеңірдек 10 жаста – 2 есе, 25 жаста – 3 есе ұзарады. Нәрестеде кеңірдектің пішіні сүйір (конус), ол көмекейден шамалы кең. Алғашқы 4 айда ол ұршық пішінді болып, одан кейін көмекей диаметріне қарағанда тарылып, жұмыр (цилиндр) пішінді болады. Кеңірдектің серпімді талшықтары нәрестеде сирек болса, 12 жасында олар қалыңдап жылдам дами бастайды.
Өкпе, нәрестенің өкпелері алғашқы 2 жасқа дейін қарқынды өсіп-дамиды, 10 жасқа дейін баяуласа, 13-16 жасында қайтадан тездейді. 1 жасқа толғанда өкпенің сыйымдылығы (көлемі) – 4 есе, 7-8 жаста – 8 есе, 13 жаста – 10 есе, ал 20 жаста – 20 есе ұлғаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет