Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Дәріс 8. Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің дамуы



бет56/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Дәріс 8.
Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің дамуы
Жоспар
1.Тыныс алу ағзаларының құрылысы мен қызметінің жас ерекшелігі
2.Тыныс алуды реттеу. Балалардың тыныс орталықтары.
3 Тыныс гигиенасы. Балаларға дұрыс тыныс алуды үйрету.


Тыныс алу ағзаларының құрылысы мен қызметінің жас ерекшелігі Балалық кезеңдегі тыныс мүшелерінің құрылысы мен қызмет ерекшеліктері Тыныс жүйесі адам өміріне өте қажетті газ алмасу (О2, СО2) және иіс сезу, сондай-ақ дыбыс шығарып сөйлеу қызметтерін атқарады. Сыртқы орта мен өкпелер арасындағы газ алмасу – өкпе желдетілуі немесе сыртқы тыныс, қан мен өкпе көпіршіктерінің арасындағы газ алмасу – өкпелік тыныс, қан мен ұлпа арасындағы – ұлпалық немесе жасушалық тыныс деп айтылады. Компоненттердің ішіндегі ең керектісі қан арқылы газдарды (О2 – жасуша – СО2 - ) тасымалдау. Балалардың ағзасы тұрақты түрде ұлпаға оттегін (О2) үнемі әкеліп, онда тотығу барысынан пайда болған көмір қышқыл газын (СО2) әкетіп отырмаса тіршілік ете алмайды. Бұл қызметті тыныс мүшелері орындайды.Тыныс мүшесінің тәнтануы бойынша – ауа өткізуші және газ алмастырушы мүшелер деп екі тобына жатқызады. Мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамыр (бронх) және өкпелер кіреді.Ауа өткізгіш мүше жолдарынан өткенде тазаланады, жылынады, түрлі тітіркендірілуді қабылдау және дем алу ауа көлемін реттеуді қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, ауа өткізгіш жолдарының кілегей (шырышты) қабатында белсенді өнім (секреторлық) қызметі болады. Мысалы, кеңірдектің кілегей (шырышты) қабаты, биологиялық белсенді заттар: пептидтер, норадреналин, серотонин, дофамин шыға-ратын эндокринді жасуша болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет