Рефлекс нерв әрекетінің негізі. Рефлекс - сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару әрекеті.
Орталық жүйке жүйесінде тежелу арнайы тежеуші нейрондары қозған кезде басталатын. Жұлыннан Реншоу жасушасы табылды. Бұл жасуша жұлын мотонейронының айналасында орналасқан. Оны мотонейрон аксоңының бұтағы қоздырады. Тежелуші жасушалар мидың әр жерінен табылды. Тежеуші нейроның аксонның ұшынан тежелу медиаторы (гаммааминмай қышқылы не глицин) бөлініп шығады да оның әсерінен түйіспеден кейінгі тежеуші потенциал пайда болады. Рефлекстер рефлекстік доға, қозу өтетін жолдар арқылы жүзеге асады.