Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Ми қыртысындағы иррадиация және концентрация



бет30/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Ми қыртысындағы иррадиация және концентрация
Алдымен қозу мен тежелудің жайылу (иррадиация) және шоғырлану (концентрация) процесі жүреді. Иррадиация деп қозу не тежелу процесінің өзінің бастапқы пайда болған аймағынан таралуын, жайылуын айтады. Бұл процестердің белгілі бір шекке дейін жайылып, қайтадан бастапқы пайда болған орталығына оралуын, жиналуын – шоғырлану дейді.
Ми қыртысында да ОЖЖ-нің басқа бөлімдеріндегі сияқты қозу және тежелу процестерінің әрекеттестігі - индукциясы байқалады. Олардың арасында белгілі теңдестік қалыптасады да, не оң, не теріс иңдукция өршиді.
Индукция өзінің табиғаты, бейнеленуі жағынан иррадиацияға кері процесс. Иррадиация нәтижесінде бір мағыналы процесс (не қозу, не тежелу) таралатын болса, индукция, керісінше, қарама-қарсы сипаттамасы процесті тудырады және иррадиацияны шектейді.
Қозу мен тежелу процестерінің арасындағы мерзімдік және ауқымдық әрекетгестік нәтижесінде анализ және синтез процестері жүреді. Аталған процестердің тендестігі, парабиоздық табиғаты ми қыртысындағы анализ және синтез процестерінің бір - бірімен тығыз байланысты екенінің дәлелі.
Жүйке жүйесінің жеке дараққа тән қасиеттерінің жиынтығын ЖДЖК, нұсқалары дейді, И.П.Павлов ілімі бойынша ЖДЖҚ-ның жекеше сипаттары қозу мен тежелу процестерінің пайда болып, даму ерекшеліктеріне байланысты. Әр дарақта қозу және тежелу процестері бір деңгейде қалыптаспайды. Олар өздерінің күшімен, теңдестігімен және жылжымалылығымен ерекшеленеді. Аталған нервтік процестердің ара қатынасындағы өзгешеліктер ЖДЖҚ-ның нұсқалық (типтік) ерекшеліктерінің негізіне алынады.
Жүйкелік процестердің күші ми қыртысы торшаларының жұмыс қабілетімен, олардың ұзақ әрі қауырт қызметке төзімділігімен анықталады. Жүйкелік процестер кушті не әлсіз болуы мүмкін.
Жүйкелік процестердің теңдестігі қозу және тежелу процестерінің ара қатынасымен анықталады. Аталған процестердің күші бірдей болса, онда ол теңгерілген, ал бірдей болмаса - теңгерілмеген болып табылады.
Жүйкелік процестердің жылжымалылығы қозу мен тежелудің бірін-бірі алмастыру жылдамдығымен сипатталады. Бұл қасиетпен мінез -қылықтың құбылмалылығы байланысты. Жүйкелік процестер жылжымалы (лабилъді) немесе тоқыраңқы (инертті) болуы мүмкін.
Жоғарыда баяндалған жүйкелік процестердің үш қасиеті - күші, теңдестігі және жылжымалылығы, - жүйке жүйесінің нүсқалық ерекшеліктерінің негізінде жатады да, организмнің жалпы тонусына, мінез-қылықтық реакцияларына, жұмыс қабілетіне әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет