Қоршаған ортаға таралатын және оған зиян келтіруші кез-келген қалдық ластану ретінде сипатталады. Ластауыштың концентрация деңгейін анықтау өте маңызды, себебі біз сол арқылы ластауыштың зияны бар-жоғын анықтай аламыз. Ластанудың кейбір түрлері өте кішкентай мөлшерде болса да, мәселелер тудыруы мүмкін. Ластану көрінуі де, көрінбеуі де мүмкін, сондықтан адамдар мәселенің бар екендігін әрқашан біле бермейді.
- Ластану: Су
Қосымша сұрақтар
С1. Қазбалы отындар неліктен ластанудың негізгі көзі болып
Көмір, шикі мұнай және табиғи газ қазбалы отындарға жатады. Олар жанған кезде жылу (және жарық) түрінде энергия бөлетін жартылай ыдыраған органикалық заттардан түзіледі. Әлемдік электр өндірісінде көмір ең маңызды отын болып табылады, ол жанған кезде парниктік газдарға жататын көмірқышқыл газы мен көміртегі монооксидін бөліп шығарады.
С2. Радиоактивтілік дегеніміз не?
Тыңайтқыштар біз қолданатын су жолдарына түсуі мүмкін
Кейбір элементтер табиғи түрде тұрақсыз болады да, ыдырап, басқа элементтерге айналады. Бұл кезде олар біз радиация деп атайтын энергияны бөліп шығарады. Радиацияның пайдалы да, зиян жақтары да бар. Мәселен, ауруханаларда медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін рентген сәулелерін қолданады, алайда жоғары деңгейлі радиация рак ауруын тудыруы мүмкін.
1986 жылы болған Украинадағы Чернобыль апатынан кейін және жақында 2011 жылдың наурыз айында жапон цунамиінен кейін Фукусима зауытынан көп көлемде радиация сыртқа бөлініп шықты.
Канализация – біздің үйімізден шығатын сулармен бірге ағып шыққан кез-келген қалдық. Дәретхана қалдықтары – әдетте канализацияның бір бөлігі болып саналады. Ол құбырдағы су ағартқыш, жуғыш заттар және май сияқты барлық ластауыштарды өзімен бірге тасиды.
Негізгі мәселе экономикасы нашар дамыған елдерде (ЭНДЕ) туындайды, мұнда ластанған канализация тамақ дайындау үшін, ауыз су ретінде және жуыну үшін қолданылады.
ЭНДЕ-нің канализация жүйесі талаптарға сай емес және үйлерге таза тұщы ауыз су тартылмаған. Ашық дефекация салдарынан кейбір дамушы елдердегі жерасты сулары мен өзендер канализация суларымен ластануда. Соның әсерінен тырысқақ, дизентерия және су өсімдіктерінің шектен көп өсуіне себеп болатын эвтрофикация тәрізді аурулар таралады. Бұл жағдайда өсімдіктер судағы оттегіні тауысып, жануарлар әлемін жойып жіберуі мүмкін.
- Ластану: Су
Өнеркәсіп иелері қажет емес қалдықтарды жоюдың арзан әрі оңай жолы ретінде көбінесе өзендерді қолданады. Экономикасы жоғары дамыған елдерде (ЭЖДЕ) өздерінің өзендерін, көлдерін және жерасты суларын қорғау үшін қатал экологиялық заңнама енгізілген. Алайда ЭНДЕ-ге мұндай заңдарды тиімді түрде қолдану қиынға түсуде.
Сынап тәрізді ауыр металдар қоректік тізбекке түсіп кетсе, адамзатқа қауіп төндіреді. 1950 жылдары Жапониядағы зауыт Минамата шығанағындағы теңізге 27 тонна сынап төкті, нәтижесінде уланған балықты қолдану салдарынан 900-ден астам адам өлімі тіркелді. Мыңдаған адамдардың денсаулығында
жүйке жүйесінің ауытқуы тәрізді ақаулар байқалды, көп сәбилер кемтар болып туылды. Амазонканың тропиктік ормандарындағы алтын өндірушілер алтынды
тазалау үшін сынапты қолданады, нәтижесінде тропиктік ормандардың өзендері ластанады. Мұндай мәселелерді шешу үшін тропиктік экожүйені мұқият басқару қажет.
Шикі мұнай төгілгенде, мұнай жағаға дейін жетсе, жағалық экожүйеге үлкен зиян тигізуі мүмкін. Қазбалы отындарды жағу қышқылды жаңбыр тудырады, ол көлдерді қышқылдандырып, ондағы тіршілікті жояды.
Заманауи ауыл шаруашылығы жүйелері қарқынды әрі өнімді, алайда химикаттардың қолданылуына тәуелділігі өте жоғары. Химикаттар жерді тыңайтуда, зиянкестермен, арамшөптермен және саңырауқұлақтармен күресуде қолданылады. Химикаттарды мұхият қолданудың өзі, олардың өзендер мен жерасты суларының ішіне көп мөлшерде түсіп кетуіне кедергі бола алмайды. Негізгі мәселелердің бірі – көлдерде жинақталып,
фитопланктондардың “гүлденуіне” себеп болатын нитраттар мен фосфоры бар тыңайтқыштар. Су өсімдіктерінің гүлденуі, яғни шамадан тыс өсуі оттегіні тауысып, күн сәулесін бұғаттауы мүмкін, нәтижесінде көлдің экожүйесі жойылады. Бұл эвтрофикация деп аталады.
Ұсынылатын материалдар
Ластану: Су
Мұнайдың төгілуі
Мұнайшылар және жануарлар
Экожүйелерді басқару: Тропикалық ормандар
Ұсынылатын жаттығу
Оқушыларға жергілікті және республикалық газеттерді оқып, топырақтың, ауаның немесе судың ластануына байланысты оқиғаларды анықтаныздар. Ластанудың негізгі көздері қандай және оларға қарсы қандай әрекеттер жасалады?
Достарыңызбен бөлісу: |