сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді);
жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі);
4. қозғалтқыш нейрондар;
5. тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшық еттер және т. б.).
Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар (жүйке ұштары) әр түрлі тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл, дыбыс және т. б.) қабылдайды. Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді. Қозу орталық жүйке жүйесінде талданып, одан қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс атқаратын мүшелерге беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де байқауға болады.
Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толық қызмет атқарса ғана рефлекс болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады (болмайды).
Сонымен , жоғары жүйке іс-әрекеті орталық жүйке жүйесінің адаммен жануарлардың мінездік әсерленістерін қамтамасыз ететін процестерінің жиынтығы. Бұл процестер дене құрылысы күрделі жануарлар адам мінезінің сыртқы ортадағы үнемі өзгеріп тұратын құбылыстарға икемделу жағдайын жасайды. Олар икемделудің туа біткен және жүре пайда болған түрлерінен тұрады.