Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Дәріс 12. Балалрдың дамуының әлеуметтік факторлары. Мектепке бейімделу



бет85/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Дәріс 12. Балалрдың дамуының әлеуметтік факторлары. Мектепке бейімделу
1. Баланың әлеуметтік дамуы
2.Балалның мектепке оқуға дайындығын анықтаушы факторлар.
3. Мектепке бейімделуге әсер етуші факторлар

Өткен жылдары Кеңестер Одағының Денсаулық сақтау министрлігінің Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы институты 6 жастағы балаларды дайындық сыныптарында оқыту жағдайына толық гигиеналық баға берген болатын. Балалардың күнделікті, аптадағы, жыл бойындағы қызмет қабілетін динамикалық зерттеудің нәтижелерінің қортындысы мынандай болады:


1. Балалардың жас мөлшерінің ерекшеліктеріне, көбінесе, сабақ ұзақтығының 30минут болуы сәйкес келеді. 45минуттық сабақтардың ортасында. 5 минуттық үзіліс жасағаннын өзінде, сабақтан-сабаққа балалар оқу белсенділігі тез төмендеп кететіндіктен, мұндағы сабақ уақыты жарамсыз болып табылады.
2. Алты жастағы баланың қызмет қабілеті 6,5 жастағы балаларға қарағанда едәуір төмен болатындығын, яғни 6 жастағы балалардың функционалдық дайындығының толық емес екендігін көрсетті.
3. Функционалдық мүмкіндігі төмен балалардың арасында денсаулық ауытқулары мен созылмалы аурулар, басқа балаларға қарағанда 2 еседей көп кездесетіндігі анықталды.
4. Үш мезгіл тамақтану. 1,5 сағаттық ұйықтау және 2,5-3 сағат таза ауада серуендету уақыты бар, толық ұзартылған күн, жартылай ұзартылған күн (15 сағатқа дейін) тәртібіне қарағанда балаларға жағдайлырақ әсер ететіндігі анықталды. Бастауыш сынып оқушыларын салыстырмалы зерттеу кезінде, 6 жастан бастап оқыған балалардың арасында денсаулық жағдайларының ауытқулары мен созылмалы аурулар, 7 жастағы балаларға қарағанда 2 еседей көп кездесетіндігі анықталды.
Қазақстан Халық ағарту министрлігі 1991 ж, 10.09. № 387 «Он бір жылдық орта мектептің бірінші сыныбына қабылдау ережелерін бекітті, осы ереже бойынша бірінші сынып оқушыларын оқу ісіне төмендегідей талаптар қойылады:
1) Сынып толықтығы 25 баладан артық болмауы керек;
2) оқу жылы -32 аптадан артық. болмауы керек:
3) оқу сабағының ұзақтығы -35 минуттан артық болмауы керек;
4) әрбір үзілістің ұзақтығы -20 минуттан кем болмауы керек;
5) екінші сабақтан кейін динамикалық сабақтар жүргізілуі керек;
6) үйге тапсырма берілмейді, баға балл өлшемімен қойылмайды (сөзбен мақтау немесе қателіктерін түсіндіреді);
7) үшінші тоқсанның ортасында. қосымша бір апталық демалыс беріледі.
45 минут оқу 2-ші сынып оқушыларында да үлкен жүктеме болып саналады. Сондықтан сабақтын, соңғы 10минуты қажуды болғызбауға арналуы керек (үстелдегі ойындар, әдебиеттер оқу т.с.с). Барлық бастауыш сыныптарда, сабақ, арасында дене шынықтыру үзілістері жүргізілуі керек. Барлық сыныптарға еңбек сабағы мен дене шынықтыру сабағынан басқа екі еселенген сабақтарды жүргізуге болмайды. Сабақтың құрылысы барлық сыныптарға бірдей болуы керек оқу жүктемесін сабақтың басында ақырындап көбейтіп, соңынан ептеп азайта бастау керек.
Сабақтағы бір саздылықты болғызбауға да жағдай жасау керек. Ол үшін техникалық оку құралдарының көмегі қажет (кинофильмдер, слайдтар, диафильмдер көрсету т.с.с). Бірақ, оқудың бұл түрі жүйке-жүйесіне едәуір жүктеме түсіретіндіктен, әрбір сыныптарға қатал тәртіппен реттелуі керек.
Күн тәртібінің құрылысын негізгі 6 тәртіп уақыттарына бөлуге болады: ұйқы, таза ауада болу, оқу іс-әрекеті, ойын, өздерінің тілегіне байланысты демалыс, тамақтану және жеке бас гигиенасы. Уақыт бюджеті осы компоненттерінің уақытқа байланысты ұзақтығынан тұрады.
Физиологиялық тұрғыдан, ұйқы дегеніміз ми қыртысының қыртыс асты құрылысы мен бірге кеңінен тежелуі. Ұйқы физиологиялық жүйелердің, соның ішінде, әсіресе, ми клеткаларының қызметтерінің қайтадан қалпына келуі үшін қажет. Ағзаны әсіресе жас ағзаны ұйқыдан айыру ауыр жағдайларға ұшыратады. Мысалы, ұйықтатпай қойған күшіктер бірнеше күннен кейін өліп қалады, 4-5 күн ұйқыдан айрылған адам, кез-келген жағдайда (ат үстінде, машина айдап келе жатып) ұйықтап кетеді. Ұйқы адам ағзасының тамақ пен суды қажет ететіні сияқты табиғи қажеттілігі.
Ұйқы қажеттілігі жас мөлшеріне қарай жекеше болады және жүйке жүйесінің қызмет қабілетінің мүмкіндігіне байланысты болып келеді. Сондықтан, ұйқыға қажетті уақыт, әлеуметтік жүктемелердің (физикалық, ақыл-ой) мөлшеріне байланысты, жүйке жүйесінің қайтаратын реакциясымен анықталады. Яғни өте ерте жаста, өте тітіркендіргіштердің өзі, жүйке жүйесін шектен шығаратындықтан, жүйке клеткаларын сақтандырғыш тежелуге әкеліп соғады. Мұндай реакция әлсіз және науқас балаларын да тән болатындықтан күн тәртібін жасағанда ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет