Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет109/514
Дата23.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#128123
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   514
Байланысты:
Ақырет-өткелдері

                                       
1
 «Хаж» сүресі, 31-аят. 
2
 Ахмад. 
3
  Өйткені  ақиқатын  білмейміз.  Яғни  бұл  –  ғайып  істерінен.  Ал  біз 
ғайыптан бейхабармыз. Бұл мәселеде  тек өзімізге келіп жеткен сенімді 
хабарларға ғана сүйенеміз. 


59
 
 
Десе де, оның өзіндік бір күйі, тіршілігі болады. Алайда біз оны 
өлі  күйде  көреміз.  Мәселен,  адам  ұйқыда  жатқанда,  оның  рухы 
бұл  дүниеден  (уақытша)  тыс  болса  да,  ол  өзіндік  тіршілігін 
тоқтатпайды.  Түс  көреді:  қуанады,  қысылады,  жылайды,  күледі 
т.с.с.  Ал  ұйықтап  тұрған  соң,  әртүрлі  халін  баяндайды.  Яғни  ол 
ұйқыдағы жағдайын  сезінеді. Тәтті  ұйқы және  азапты  ұйқы  бар. 
Дәл  осы  сияқты  барзах  өмірі  де  өзіндік  тіршілікке  ие.  Демек, 
барзах өмірінде рух пен тән бірлестігі дүниедегідей кейіпте емес, 
өзіне тән ерекшелігі бар. 
Сондай-ақ  Тахауия  ақидасының  түсіндірмесінде:  «Білгін, 
расында,  қабір  азабы  –  барзах  азабы.  Әрбір  өлген  адам,  азапқа 
лайықты  болса,  қабірге  салынса  да,  салынбаса  да,  одан  тиісті 
үлесін алады», – делінген. 
«Қабірге  салынбаса  да»  деген  сөзден  назарға  алынып 
отырғаны  –  мәйіті  өртелгендер,  суға  батқандар,  аң-құсқа  жем 
болғандар т.с.с. Мысалы, үнді халқы өздерінде қалыптасқан әдет-
ғұрыптары  бойынша  мәйітті  жерлемей,  өртейді.  Сол  сияқты 
кейбір  елдерде  «танымал  тұлғаларды»  жерлемей,  мүрдесін 
арнайы  орындарда  сақтау  әдеті  орын  алған.  Қалай  болғанда  да 
өлген  адам  Пайғамбарымыздың  (с.а.с.)  хадистерінде  келтірілген 
жағдайларды  басынан  өткізеді.  Ол  жерленсе  де,  жерленбесе  де, 
оның  рухы  мен  тәні  қабір  азабы  мен  нығметтерінен  тыс 
қалмайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет