«Аллаһ жолында өлтірілгендерді өлі деп ойлама, әрине, олар тірі. Раббыларының жанында ризыққа бөленеді» 1 , – деген.
Олардың өлгеннен кейінгі жағдайы өзгелердікінен біршама
ерекшеленеді. Шәһидтер пайғамбарлар мен шыншылдар сияқты
тірі болады, әрі денелері де бұзылмайды. Ал рухтары арнайы бір
орындарды иемденеді.
Масруқ біз әңгіме етіп отырған аяттың мәнін Абдуллаһ ибн
Масғудтан (Аллаһ оған разы болсын) сұрағанда, ол:
«Біз де бұл жайлы Пайғамбардан
(с.а.с.)
сұрағанбыз. Ол
(с.а.с.):
« (Шәһидтердің)
рухтары аршыға ілінген шырақтары бар жасыл құстардың кеуде қуысында. Ертемен жаннаттың қалаған жеріне барып, сосын әлгі шырақтарға қайтады» , – деп айтты» , – деп жауап берген
2
.
Міне, бұл – Аллаһ тағаланың шәһидтерге әзірлеген құрмет
орны. Сондықтан да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабалары және
бұрынғы өткен ізгі кісілер шәһидтікті қалайтын болған. Өйткені
олар Құран аяттарынан және Пайғамбар (с.а.с.) хадистерінен
шәһидтерге дайындалған сый-құрметтің қаншалықты жоғары
дәрежеде екендігін білген. Осы мәртебеге жету үшін барынша
ұмтылатын. Пайғамбарымыз (с.а.с.):