«Бұл – өздерің сияқты бір адам ғана.
Жегендеріңді жеп, ішкендеріңнен ішеді. Егер өздерің сияқты
адамға бойсұнсаңдар, рас, сендер сол уақытта зиянға
ұшырайсыңдар. Сендерге өліп, топырақ және сүйек болғанда
тіріліп шығатындарыңды ескерте ме?! Сендерге бұл
ескертілген іс ұзақ, тым ұзақ! Дүниедегі тіршілігіміз ғана –
тіршілік. Кейбіріміз өлеміз, кейбіріміз өмір сүреміз де қайта
тірілмейміз. Ол – Аллаһқа өтірік жала жапқан адам. Біз оған
сенбейміз»
3
, – десіп, қауымын одан әрмен алжастырады.
Һуд оларды бір Аллаһқа құлшылық етуге шақырып, Ақырет
күнімен ескертуден танбай:
«Енді Аллаһтан қорқып, маған
бағыныңдар. Сендерді білген нәрселеріңмен қамтамасыз
еткен Аллаһтан қорқыңдар. Сендерге малдар, балалар берді.
Бақшалар мен бұлақтарды берген
(Аллаһтан қорқыңдар)
Достарыңызбен бөлісу: |