Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет154/514
Дата23.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#128123
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   514
Байланысты:
Ақырет-өткелдері

 
 
онда жас, нұрланған, ләззаттарымен рақаттанған күйде. Ей, ертең 
қабірге  түсуші!  Сені  дүниеде  не  алдады?  Өзіңнің  қалар-
қалмасыңды  білесің  бе?  Зәулім  үйің,  дәмді  жемістерің,  мақпал 
киімдерің қайда? Хош иісің мен аңқыған жұпарың қайда? Қысқы 
және  жазғы  киімдерің  қайда?  Көрмейсің  бе?..  Әлбетте,  сенен 
алдыңғыға  да  ақиқат  әмірі  келді!  Ал  ол  өз-өзін  қорғай  алмады. 
Білмейсің бе, оның өлім арпалысында дөңбекшіп, таңдайы кеуіп 
қара терге түскенін... Оған көктен әмір келді, тағдыр келді және 
қаза келді. Қайтарылмайтын ажал әмірі келді! Қайдан?!. 
Ей,  әке  көзін  жабушы!  Ей,  бауырыңның  не  балаңның  көзін 
жапқан  (жан)!  Ей,  мәйітті  жуып,  кебіндеуші!  Ей,  оны  көтеріп, 
оңаша  қабіріне  тастап,  артқа  қайтушы!  Жердің  қаттылығында 
қалай болатыныңды, қай жағыңнан сынаққа алынатыныңды, қай 
көзіңнің бірінші ағатынын білсем ғой... 
Ей, апаттарға жақындаушы! Өлілердің мекеніне таядың. Өлім 
періштесі  маған  немен  жолығатынын  білсем  еді?!  Ертең 
дүниеден  кетерімде  және  ол  Раббымның  тапсырмасынан  нені 
әкелетінін білгенімде ғой!...» – деп еңіреп жылаған. Осыдан соң, 
Омар ибн Абдул-Азиз бір апта уақыт өтпестен дүниеден өтіпті. 
Алаңсыз  ойнап-күлетіндей  біздің  ешқайсымыздың  ертеңге 
дейін  өмір  сүрерімізге  кепілдігіміз  жоқ.  Біз  ертеңгі  күніміздің 
өзін  көрер-көрмесімізді  білмейміз.  Сондықтан  әрбір  адам 
әрдайым өлімге дайын жүруі керек! Өйткені оның бұйрық келген 
күні Раббысына жолығары хақ. 


83


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет