Әрбір жаратылыстың басталуына сай аяқталуы да бар. Қиямет
күні келгенде ғасырлар бойы дамып, гүлденген жер-жаһанның
қалыпты жүйесі құрдымға кетеді. Үрейленген адамдардың жан
даусы шығады. Шынайы, нағыз мұсылмандар Қиямет күнін
көрмейді. Себебі мейірімі мол, рақымын аямай төгетін Аллаһ
тағала Өзіне иман келтірген барша мүмінге бұл күнді
көрсетпейді. Қиямет келерден бұрын барлық мұсылмандар
Аллаһтың қалауынша жан тапсырады. Яғни бұл күннің
қорқынышы кәпірлер мен құдайсыздарға арналған...
Аллаһ тағалаға иман келтірген әрбір пенде өзінің шынайы
наным-сенімінде әрдайым бекем болуы үшін, Ақырет күніне
үздіксіз дайындалып, бұл жалғанда пайдалы, сауапты іс-амалдар
жасауын арттыра түсуі керек.
Қияметтің мерзімі мен оның жақын қалғандығы, сондай-ақ
ойдан сөйлемейтін, шыншыл Пайғамбарымыз (с.а.с.) хабарлаған
Қияметтің кіші және үлкен белгілері бұл бөлімнің таңғажайып
тақырыбы болмақ.