85
Солардың бірінде, ол Пайғамбардан (с.а.с.):
«Маған Қиямет
жайлы хабар бер»
, – деп сұрайды. Пайғамбар (с.а.с.):
«Ол
туралы сұралушы сұраушыдан жақсы білмейді»
, – деп жауап
берген. Яғни Қияметтің қашан келерінен Пайғамбарымыз да
(с.а.с.), Жәбірейіл де бейхабар болған. Десе де, Аллаһ тағала
Өзінің кітабы және соңғы Елшісі (с.а.с.) арқылы бізге Қияметтің
боларын білдіретін көптеген белгілер жайлы хабар берген. Бұл
белгілер бой көрсетпейінше, Қиямет келмейді. Осылай деуімізге,
ұлы сахабалардың бірі – Абдуллаһ ибн Масғудтың (Аллаһ оған
разы болсын) Куфа шаһарында үлкен дауыл тұрған кезде жасаған
нұсқауы дәйек болады. Бұл алапат дауыл бүкіл Куфаны аяғынан
тік тұрғызғаны сондай, тіпті кейбір адамдар: «Қиямет келді!» –
деседі. Сонда Ибн Масғуд:
«Жоқ, мына-мына нәрселер
орындалмайынша, Қиямет болмайды»
– деп, оның белгілерін
айтып беріпті.
Достарыңызбен бөлісу: