Қиямет күнінің жақын қалғандығы туралы
Құранда Аллаһ тағала Қиямет күнінің тіптен жақын
қалғандығын ескерткен. Мысалы, Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
уақытында, Ақыретке иман келтіруден бас тартқан кәпірлерге,
мұғжиза
1
ретінде Жаратушының құдіретімен ай екіге бөлінеді.
Осы кезде Аллаһ тағаладан Пайғамбарға (с.а.с.):
«Қиямет
жақындады, ай жарылды»
2
, – деген уахи түскен.
Сондай-ақ Қиямет күнінің жақын қалғаны туралы Құран
Кәрімнің төмендегі аяттарында да сөз болады. Онда Аллаһ
тағала:
«Адам баласының есеп беретін мезгілі таяды. Алайда
олар қаперсіз бет бұруда»
3
;
1
Аллаһ тағаланың пайғамбарларына берген олардың пайғамбар
екендігін дәлелдейтін ғажайып белгілері.
2
«Қамар» сүресі, 1-аят.
3
«Әнбия» сүресі, 1-аят.
|