Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне жүктелген аманатты үмбетіне
толық тапсырып, өзі білген ілімнің ешбірін олардан жасырып
қалмады. Сонымен қатар ол (с.а.с.) Қиямет жайлы да бізге егжей-
тегжейлі баяндаған. Сахабалардың бірі Әбу Зәйд Амр ибн Ахтаб
(Аллаһ оған разы болсын):
«Аллаһ елшісі
(с.а.с.)
бізбен бірге таң намазын оқыды. Сосын мінберге көтерілді. Сөйтіп, бесін келгенге дейін бізге құтпа жасады. Содан соң түсіп намаз оқыды. Кейін қайтадан мінберге көтерілді де, аср намазы келгенге дейін бізге құтпа жасады. Содан соң, түсіп намаз