«Олар оны алыс деп санайды, Біз болсақ оның жақын
екендігін көреміз»
1
;
«Аллаһтың әмірі келді. Сондықтан оның тез келуін
тілемеңдер. Аллаһ олардың қосқан ширктерінен
(серік
қосуларынан)
Пәк әрі Жоғары!»
2
– деген.
Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) Қияметтің жақын екенін сипаттап:
«Шын мәнінде, сендердің мерзімдерің – сендердің алдарыңда
өткен үмбеттермен салыстырғанда аср намазынан күн
батқанға дейін
(гі аралықта)
ғана»
, – деген
3
.
Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Мен және Қиямет мына
екеуі сияқты болып жіберілдік»
, – деп сұқ саусағы мен ортаңғы
саусағын біріктіріп көрсеткен
4
.
Қияметке дейінгі өткен уақыттың мөлшері сұқ саусақтың
ұзындығындай болса, ал қалған уақыт сұқ саусақтан асып тұрған
ортаңғы саусақтың жоғарғы бөлігіндей ғана. Хадисте айқын
айтылып тұрғандай, заманның басым көпшілігі өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |