«Адамдар бір-біріне мешіттермен мақтанбайынша, Қиямет келмейді» , – деген
1
.
Әбу Дәрда (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Егер мешіттеріңді сәндеп, Құран кітаптарыңды әшекейлесеңдер, сендерге апат келеді» , –
деген
2
.
20-белгі: Биік те зәулім ғимараттар тұрғызу
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) туралы хадисте, ол Пайғамбардан
(с.а.с.):
«Сағат (Қиямет)
қашан (келеді)
?» – деп сұраған.
(Пайғамбар (с.а.с.)):
«Ол жайында сұралушы сұраушыдан көп білмейді, бірақ оның белгілері туралы айтып берейін: (ол
жақындағанда)
күң өз қожайынын туады, түйе баққан қара малшылар (биік-биік)