олжаны бөлісіп жатқанда, шайтан: «Дәжжал сендердің отбасыларыңа шабуыл жасады», – деп айғайлайды. Сөйтіп, олар жолға аттанады. Бірақ (бұл)
өтірік болып шығады. Олар Шамға жеткенде, шынымен (Дәжжал)
шығады. (Мұсылмандар)
соғысқа дайындалады, (сол аралықта)
намазға иқамат айтылып, сап түзеп тұрғанда, Мәриямұлы Иса (аләйһис-сәләм)
түседі» , – деген
2
.
Ясир ибн Жабир былай деп әңгімелейді: «Бірде Куфада қызыл
дауыл тұрды. Сонда бір кісі келіп, әдетінше: «Ей, Абдуллаһ ибн
Масғуд! Қиямет келді!» – деді. Шынтақтап жатқан (Абдуллаһ)
түзеліп отырды да:
«Расында, Қиямет мирас бөлінбейтін және олжаға қуанбайтын жағдай болмайынша келмейді» – деп,
қолымен Шам жақты нұсқады да:
«Дұшпан Ислам қауымына қарсы жиналады, Ислам қауымы да оларға қарсы бас біріктіреді» , – деді. Мен: «Румдықтарды айтып тұрсың ба?» –
дедім. Ол:
«Иә, сол соғыс кезінде діннен қайту көп болады. Мұсылмандар әскер жасақтап, өліспей беріспеуге немесе жеңбейінше қайтпауға серт қабылдайды. Түн болғанша соғысады. Олар да, мыналар да жеңіссіз қайтады. Алайда әскер сапы азайып қалады. Сосын мұсылмандар тағы да әскер жасақтап, өліспей беріспеуге немесе жеңбейінше қайтпауға серт қабылдайды. Түн болғанша соғысады. Олар да, мыналар да