Ақырет өткелдері


не?»  –  дейді.  Ол:  «Ей,  адамдар!  Ғибадатханадағы  мына  бір



Pdf көрінісі
бет247/514
Дата23.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#128123
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   514
Байланысты:
Ақырет-өткелдері

не?»  –  дейді.  Ол:  «Ей,  адамдар!  Ғибадатханадағы  мына  бір 
кісіге барыңдар. Ол сендердің хабарларыңды сағынып отыр», – 
                                       
1
 Муслим. 
2
 Шам жерінде. 


135
 
 
деді»
, – дейді. 
(Тәмим әд-Дари әңгімені жалғастырып)
: «Ол кісіні 
атаған  кезде  біз  шайтан  болар  деп  қорықтық.  Сосын  жылдам 
барып,  ғибадатханаға  кірдік.  Қарасақ,  онда  біз  бұрын-соңды 
көрмеген бір алып кісі бар екен. Екі қолы мойнымен біріктіріліп, 
тізелері мен тобықтарының арасы темірмен құрсалып, мықтап 
байланған. Біз: «Сорың құрғыр! Сен кімсің?» – дедік. Ол: «Менің 
жайымды  ести  жатарсыңдар.  Әуелі  өздерің  кімсіңдер,  соны 
айтыңдар»,  –  деді.  «Біз  –  арабтар  арасындағы  бір  елміз. 
Кемемен теңізге шықтық. Бізді теңіз бір ай бойы дауылмен алып 
жүрді.  Сосын  сенің  осы  аралыңды  жағаладық.  Қайыққа  мініп 
аралға  кірдік.  Түгінің  қалыңдығынан  алды-арты  білінбейтін  бір 
жүндес  жануар  кездестірдік.  «Сорың  құрғыр!  Сен  несің?»  – 
дедік.  Ол:  «Мен  –  тыңшымын»,  –  деді.  «Тыңшы  деген  не?»  – 
дедік.  Ол:  «Ғибадатханадағы  мына  бір  кісіге  барыңдар.  Ол 
сендердің  хабарларыңды  сағынып  отыр»,  –  деді.  Сөйтіп,  саған 
асығып  келдік.  Шайтан  болуынан  қорықтық»,  –  деп  айттық. 
(Әлгі  кісі)
:  «Маған  Баисанның
1
  құрмалары  жайлы  айтып 
беріңдер»,  –  деді.  «Оның  несін  сұрайсың?»  –  дедік.  «Оның 
құрмалары  жайлы  сұрап  тұрмын,  жеміс  беріп  жатыр  ма?»  – 
деді.  «Иә»,  –  дедік.  «Дегенмен  олар  жеміс  бермеудің  алдында 
тұр», – деді. Сосын ол: «Маған Табария көлі жайлы айтыңдар», 
– деді. «Оның несін сұрайсың?» – дедік. «Онда су бар ма?» – деді. 
«Суы  мол»,  –  дедік.  «Оның  суы  құрудың  алдында  тұр»,  –  деді. 
Сосын:  «Зағардың
2
  бұлағы  жайлы  айтыңдар»,  –  деді.  «Оның 
несін  сұрайсың?»  –  дедік.  «Бұлақта  су  бар  ма?  Оның  суымен 
ондағылар  егін  салып  жатыр  ма?»  –  деді.  «Иә,  оның  суы  мол, 
онымен адамдар егін салып жатыр», – дедік. Сосын ол: «Маған 
сауатсыздардың  пайғамбары  жайлы,  оның  не  істегенін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет