– деп:
«Әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл – Бізге бір
міндет. Шынында, Біз орындаймыз»
1
, – деген аятты оқыған.
Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) бұл сөзді естіген
кезде:
«Уа, Аллаһтың елшісі! Еркек-әйелдің барлығы
(сол кезде)
бір-біріне қарайды ма?»
– деп сұрайды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.):
«Ей, Айша!
(Ол
кездегі)
жағдай олардың бір-біріне
қарауларынан ауырырақ болады»
, – деп жауап берген екен
2
.
Кейбір хадистерде әрбір адам өлген кездегі киімімен қайта
тіріледі деген хабар бар. Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы
болсын) өлім үстінде жатқанда, жаңа киім алдырып киіп:
«Мен
Аллаһ елшісінің (с.а.с.):
«Мәйіт өлген кездегі киімінде қайта
тіріледі»
, – дегенін естігенмін»
, – депті
3
.
Алайда кейбір ғұламалар: «Ақыреттегі киіну – өлген кездегі
киімде немесе кебінде қайта тіріледі дегені емес, бәлкім, өлген
кездегі иманына байланысты киінеді», – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |