«Аллаһ оларға: «Сендер жер жүзінде қанша жыл тұрдыңдар?» – дейді. Олар: «Бір күн немесе одан аз уақыт тұрдық. Санаушылардан сұра», – дейді. «Егер білген болсаңдар аз ғана-ақ тұрдыңдар», – дейді» 3 , – деп
баяндалады.
Аллаһ тағала Қиямет күні дүниедегі жер, тау, аспан,
жұлдыздар, күн мен ай басқаша көрініс табатынын хабарлаған.
Бірінші: Аллаһ тағала:
«Олар Аллаһты, шын мәнінде, бағалай алмады. Негізінде, Қиямет күні жер бүтіндей Оның уысында және көктер де оң қолымен бүктеледі» 4 ;
«Ол күнде көкті кітаптың бетін бүктегендей бүктейміз де, әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл – бізге бір міндет. Шынында, біз орындаймыз» 5 , – деп жерді уысына алып,
аспанды бүктейтінін білдіреді.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):