«Неге
күлгенімді білесіңдер ме?»
– деп сұрады. «Аллаһ және Оның
елшісі жақсы біледі!» – дедік. Сонда ол:
«Раббысы мен пенденің
арасында болатын әңгімеге
(күлдім. Пенде)
: «Раббым! Мені
зұлымдықтан қорғаған жоқсың ба?» – дейді.
(Аллаһ)
: «Иә», –
дейді.
(Пенде)
: «Сол үшін менен куә болмайынша, жазалануға
көнбеймін», – дейді.
(Аллаһ)
: «Ардақты жазушылар куәлікте
жеткілікті болғандай, сенің өзіңде де бүгін куәлар
жеткілікті», – деп, оның ауызы бекітіліп, дене мүшелеріне:
«Сөйлеңдер!» – делінеді де,
(дене мүшелері)
оның амалдары
жайлы сөйлейді. Сосын оған қайта сөйлеуге мүмкіндік беріледі
де, ол
(пенде дене мүшелеріне)
: «Құрып кетіңдер! Жоғалыңдар!
Мен сендер үшін тырысып жатсам!»
– деп айтады», – деп
айтты»
, – деген
1
.
6) Дене мен рух арасындағы айтыс туралы Абдуллаһ ибн
Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):
«Қиямет күні адамдар
арасында дау-дамай рух пен тәннің дауласуына дейін
жалғасады. Рух тәнге: «
(Жамандықтарды)
сен істедің», – дейді.
Ал тән рухқа: «Маған әмір берген сенсің», – деп айтады. Сонда
оларға төрелік етуге Аллаһ бір періштені жібереді.
(Төрелік
етуге жіберілген періште ол екеуіне)
: «Расында, сендердің
жағдайларың мүгедек пен соқырдың жағдайындай. Ол екеуі бір
баққа кіреді. Мүгедек
(ағаш бұтақтарындағы)
жемістерді көріп,
соқырға: «Мен жемістерді көріп тұрмын, бірақ оған шыға
алмаймын», – дегенде, соқыр: «Бері кел! Менің үстіме шық!» –
дейді де, соқыр келіп мүгедекті көтеріп, екеуі жемістерді
жинайды». Періште
(рух пен тәнге осы мысалды айтып)
: «Енді
екеуінің қайсысы жазалану керек?» – деп сұрағанда, олар: «Екеуі
Достарыңызбен бөлісу: |