«Күдіксіз, өздеріне Бізден игілік жазылғандар, солар тозақтан аулақ болады. Олар тозақтың дыбысын да естімейді. Сондай- ақ олар жаннаттағы көңілдері қалаған нәрселерде мәңгі қалады. Оларды қорқыныштың ең зоры уайымдатпайды да оларды періштелер: «Міне, бұл – сендерге уәде етілген күн!» – деп қарсы алады» 2 , – деген.
Екінші: Аллаһтың көлеңкесін саялайтындар
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Аллаһ Өзінің саясынан басқа көлеңке болмайтын күні жеті (адамды)
Өз саясында көлеңкелетеді. (Олар)
: әділетті басшы, Раббысының ғибадатында өскен жас жігіт, жүрегі мешітке байланған кісі, Аллаһ үшін бір-бірін жақсы көріп, сол үшін бас қосып, сол үшін айырылған екі кісі,