Баз біреулер Ақыретке деген көзқарасын «Жарайды, ақыретті
танып-білдік. Бірақ бізге Қияметтің қашан келетінін, оның үлкен-
кіші белгілерін және ондағы болатын әр түрлі жағдайларды
білудің қажеті қанша? Біз мұндай істермен айналысқанша, нақты
бір
істермен
неге
шұғылданбаймыз?
Мысалы:
Ислам
экономикасын көтеру, үмбетті аяққа тұрғызу, жастарымызға
заманауи білім беру сияқты көкейтесті мәселелермен неге
айналыспасқа? Өйткені бүгінгі таңда Ислам әлеуметі әлемдік
даму сатысына ілесе алмай отыр емес пе? Адамдарға Яжуж-
Мажуждың
пайда
болуы
жайлы
айтқанша,
осы
кемшіліктеріміздің орнын неге толтырмаймыз?..» деген сияқты
ойлармен жеткізуі мүмкін.
Біздің бұларға айтар уәжіміз:
1. Ақырет жайлы оқып-білу – дініміздің талабы. Ал дін
талабында біз ерікті емеспіз. Сондай-ақ Ақыретке сену –
иманның бір тірегі. Олай болса, мұны білуге әрбір адам міндетті.