Ендеше, біз Ақыретке сенсек, бейғамдыққа салынып күтіп
отырмауымыз керек. Өйткені бізге ертеңіміздің қалай болары
беймәлім...
Пенденің қолындағы мал-мүлкіне қатысты екі ғана жолы бар:
оны игілікке пайдалануы керек немесе ол мүлік оның артында
қалады. Кісінің мал-дүниесі өзінен кейінгілерге қалатыны жайлы
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жасы келгендерге арнап:
«Есіңде болсын,
(мал-дүниең)
пәленшеге (қалды)
» , – деген
1
.
Ал өзіне берілген несібе, ризықты ізгі амалға пайдалана
алмағандар жайында Құран Кәрімде:
«Олар
(тозақта)
: «Раббымыз, бізді тозақтан шығар! Істеген амалдарымыздан басқа жақсы амалдар істейік», – деп шыңғырады. «Біз сендерге үгіт алғысы келген кісі үгіт алатын өмір бермедік