«Бәлкім, жүрегім орнығу үшін»
1
, – деп айтқанындай,
жүрегімізде иманды орнықтырып, Ақыреттегі уәде етілген
жаннаттарға кіруге деген құлшынысымызды арттыра түседі.
Ақыретке қамданудың қажеттілігі
Ақырет жайлы оқып-үйрену пендені сауапты іс-амалдар
жасауға шақырады. Аллаһ тағала Құранда:
«Раббыларыңның
кешіріміне және тақуалар үшін әзірленген кеңдігі көктер мен
жердей жаннатқа жарысыңдар»
2
, – десе, Пайғамбарымыз
(с.а.с.) үмбетіне:
«Адам мүмін болып оянып, кәпір болып кеш
батыратын, мүмін болып кеш батырып кәпір боп таң
атыратын, дүние мақсатында дінін сататын, сондай бір
қараңғы түннің бөлігіндей фитналардың алдын іс-амалдармен
алыңдар»
3
, – деп өсиет еткен.
Келесі бір хадисте Пайғамбар (с.а.с.):
Достарыңызбен бөлісу: |