223
Таразы
Мұнан кейін адамдардың амалдары таразыға тартылады.
Құран Кәрімде:
«Қиямет күні туралық таразысын қоямыз.
Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір ұрық
түйірінің салмағындай болса да, оны әкелеміз. Біз есеп алуда
жеткіліктіміз»
1
, – делінген.
Адамдардың жақсы-жаман амалдары өлшеніп тартылатын
таразының екі басы болады. Оның бір басына жақсы амалдар, ал
екінші басына жаман амалдар қойылады.
Кей ғұламалар «таразыға амалдармен қатар, адамдардың
өздері мен олардың амал дәптерлері тартылады» дейді.
Амалдардың тартылатынына мынадай дәлел бар:
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
Достарыңызбен бөлісу: