ешбір таусылып, үзілмейтін, (ешкім)
қорымайтын мол жемістерде» 3 ;
«Ол екеуінде жемістер жұп-жұбымен» 4 ;
«Қалаған жемістері бар» 5 , – деп айтқан.
Бұл – жаннат жемістерінің аттары, түр-көрінісі де осы
дүниедегідей болады да, бірақ дәмі ерекше өзгеше болады. Аллаһ
тағала:
«Әр кез оларға оның жемісінен бір ризық берілсе, олар: «Осы бізге бұрын да ризық етілген еді ғой», – дейді. Ал оларға оның ұқсасы әкелінеді» 6 , – деген.
Жаннатта жеміс жегісі келген адамға оны барып үзіп алып
жеудің қажеттілігі болмайды. Ол тек қаласа болғаны, жеміс оның
алдына келіп түседі. Аллаһ тағала жаннаттықтардың жай-күйін
сипаттап:
« (Оларға)
екі бақшаның жемістері жақын тұрады» 7 ;