жан-тәнімен беріліп тұратындар. Олар – пайдасыз
нәрселерден бет бұратындар. Олар – зекет беретіндер. Олар –
абиырларын сақтайтындар. Бірақ әйелдері немесе күңдері
болса басқа, өйткені оларға сөгіс жоқ. Кім бұлардан басқаны
іздесе, міне, солар шектен шығушылар. Олар – аманаттары
мен серттерін сақтаушылар. Олар – намаздарын ұқыпты
оқушылар. Міне, солар – мұрагерлер. Олар онда мәңгі
қалатын Фирдаус жаннатына мұрагер болады»
1
, – деген.
Әйтсе де іс-амалдар жаннатқа кірудің себебі ғана, негізінде,
пенде оған Аллаһтың рақымы мен кеңшілігі арқылы қол
жеткізеді.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Аллаһ елшісі (с.а.с.):
«Ешқашан қайсыбіріңді іс-амалдарың
жаннатқа кіргізе алмайды»
, – деген. (Адамдар):
«Сені де ме, уа,
Аллаһтың елшісі?»
– деп (сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.)):
Достарыңызбен бөлісу: |