53
туыстарына:
«Соры
құрысын,
оны
қайда
апара
жатырсыңдар?» – дейді. Оның дауысын адамзаттан
басқаның барлығы естиді. Егер адам естігенде, есінен танар
еді»
, – деген
1
.
Умәуилер халифасы Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик деген кісі
жайлы мына бір хикая әңгімеленеді:
Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик қажылық кезінде Мәдинаға
келгенде, табиғиндер сапына жататын бір адаммен жолығысуды
қалап, ондағылардан: «Осында бірнеше сахабаның көзін көрген,
пайым-парасаты жоғары бір адам бар ма?» – деп сұрайды.
Адамдар: «Иә, Әбу Хазим деген бір кісіні білеміз», – деп жауап
береді. Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик оған адам жіберіп, құзырына
алдырады. Әлгі табиғин келген кезде, Сүлеймен оған: «Ей, Әбу
Хазим! Неге біз өлімді жек көреміз?» – деп сұрайды. Әбу Хазим:
«Сендер дүниені көркейттіңдер! Ал Ақыретті бұздыңдар! Енді
көркем мекеннен ойрандалған жерге шыққыларың келмейді», –
деп жауап береді. Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик: «Рас айттың!» –
дейді. Сосын: «Бізді Аллаһтың алдында не күтіп тұр?» – деп
сұрайды Сүлеймен. Табиғин: «Амалдарыңды Аллаһтың кітабына
жүгіндір!» – дейді
2
. Сүлеймен: «Оны қай жерінен табамын?» –
дейді. Сонда табиғин: «Аллаһ тағаланың
Достарыңызбен бөлісу: