Ақырет өткелдері


«Неге  күлгенімді  білесіңдер  ме?»



Pdf көрінісі
бет339/514
Дата23.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#128123
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   514
Байланысты:
Ақырет-өткелдері

«Неге 
күлгенімді  білесіңдер  ме?»
  –  деп  сұрады.  «Аллаһ  және  Оның 
елшісі жақсы біледі!» – дедік. Сонда ол: 
«Раббысы мен пенденің 
арасында  болатын  әңгімеге 
(күлдім.  Пенде)
:  «Раббым!  Мені 
зұлымдықтан  қорғаған жоқсың  ба?»  – дейді. 
(Аллаһ)
:  «Иә»,  – 
дейді. 
(Пенде)
: «Сол үшін менен куә болмайынша, жазалануға 
көнбеймін»,  –  дейді. 
(Аллаһ)
:  «Ардақты  жазушылар  куәлікте 
жеткілікті  болғандай,  сенің  өзіңде  де  бүгін  куәлар 
жеткілікті»,  –  деп,  оның  ауызы  бекітіліп,  дене  мүшелеріне: 
«Сөйлеңдер!»  –  делінеді  де, 
(дене  мүшелері)
  оның  амалдары 
жайлы сөйлейді. Сосын оған қайта сөйлеуге мүмкіндік беріледі 
де, ол 
(пенде дене мүшелеріне)
: «Құрып кетіңдер! Жоғалыңдар! 
Мен  сендер  үшін  тырысып  жатсам!»
  –  деп  айтады»,  –  деп 
айтты»
, – деген
1

6)  Дене  мен  рух  арасындағы  айтыс  туралы  Абдуллаһ  ибн 
Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): 
«Қиямет күні адамдар 
арасында  дау-дамай  рух  пен  тәннің  дауласуына  дейін 
жалғасады. Рух тәнге: «
(Жамандықтарды)
 сен істедің», – дейді. 
Ал тән рухқа: «Маған әмір берген сенсің»,  – деп айтады. Сонда 
оларға  төрелік  етуге  Аллаһ  бір  періштені  жібереді. 
(Төрелік 
етуге  жіберілген  періште  ол  екеуіне)
:  «Расында,  сендердің 
жағдайларың мүгедек пен соқырдың жағдайындай. Ол екеуі бір 
баққа кіреді. Мүгедек 
(ағаш бұтақтарындағы)
  жемістерді  көріп, 
соқырға:  «Мен  жемістерді  көріп  тұрмын,  бірақ  оған  шыға 
алмаймын»,  –  дегенде,  соқыр:  «Бері  кел!  Менің  үстіме  шық!»  – 
дейді  де,  соқыр  келіп  мүгедекті  көтеріп,  екеуі  жемістерді 
жинайды». Періште 
(рух пен тәнге осы мысалды айтып)
: «Енді 
екеуінің қайсысы жазалану керек?» – деп сұрағанда, олар: «Екеуі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет