АЖАР
(Триптих)
Зачем люди друг другу мешают жить,
всдь от этого какие убытки,
какие страшные убытки.
А. П. Чехов «Скрипка Ротшильда»
Осы бір сөздерді оқығанда менің есіме əрқилы үш оқиға түсті.
Бəрінің де басты қаһарманы – Ажар, тіршілік ажары – əйел.
Бомбадан бастап, бейбастақ қалжыңға дейін адамның адамға істейтін
қиянатының қай-қайсысына да тəнімен, жанымен, бүкіл болмысымен
күйзелетін тек əйел ғана.
Еркектердің шүмектеген қанын, шақырлаған тісін емес, əйелдің
мөлдірей аққан көз жасы мен селкілдеген иығын көргенде барып:
«Адамдар-ау, қамшынын сабындай кеп-келте өміріңізде бір-біріңізді
ренжіте көрмесенізші, əр минут, əр секундтеріңіз санаулы ғой, олар
тұнжырап өтпесінші»,– деп күбірлейсің.
Достарыңызбен бөлісу: |