Аитв-ға тестілеу: бұл не үшін керек?



Дата25.12.2016
өлшемі31,82 Kb.
#4761
АИТВ-ға тестілеу: бұл не үшін керек?

АИТВ–адамның иммун тапшылығы вирусы. Ол ағзаға еніп, ұзақ жылдар бойы білдірмейтіндігін естеріңізге саламыз. Мұндай хал-жағдай АИТВ инфекциясы деп аталады. ЖИТС– бұл жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы, ол АИТВ инфекциясының соңғы сатысында дамиды.

Оның көмегімен адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырылуын не жұқтырылмауын білуге болатын тексеру АИТВ-ға тестілеу деп аталады. Адам қанындағы сол вирустың бөлігін анықтаудың күрделі де қымбат тұратын әдістері бар. Алайда мамандар іс жүзінде ерекшелікті антидененің бар-жоғын көрсететін тестілерді пайдаланады. Қоздырушының енуіне қарсы жауап ретінде ағзада антидене өніп, пайда болады.

«Уайым-қайғың аз болса–бейқам боласың» деген қағида АИТВ инфекциясына қарсы күрестің жақсы тәсілі бола алмайды; адам қанында вирустың барын неғұрлым ертерек білетін болса, солғұрлым ол өз денсаулығы мен өз туған-туыстарының (ең алдымен жыныстық серіктесінің) денсаулықтарын қалай сақтау қажет екендігін ойлай бастайды. Қазіргі заманауи дәрі-дәрмектер ағзадағы вирустен арылта алмайды, дегенмен вирустың көбеюін бөгеуге, соның нәтижесінде иммундық жүйені қорғауға мүмкіндік береді. Сондықтан да АИТВ инфекциясына қатысты: жақсы білу– егер ағзада вирус болғанның өзінде де, денсаулықты сақтаудың мол мүмкіндігіне ие болу деген қарапайым қағида қолданылады.

Тексеріліп-қаралудың нәтижесін біле отырып, сіз бойымда АИТВ болуы мүмкін деген уайым-қайғыға байланысты белгісіздіктен арыласыз.

Егер тестінің нәтижесі сіздің бойыңызда АИТВ жоқ дегенді көрсетсе, дегенмен бұл орайда өз мінез-құлқыңның жұқтырылу тәуекелдігіне байланысты екендігін білетін болсаңыз, жұқтыруды болдырмау үшін қалай абай болу керек екендігін білетін боласыз.

Ағзада вирустың бар екендігін біле отырып сіз ең алдымен жыныстық серіктесіңізді, өз төңірегіңдегі адамдарды жұқтырылудан қорғай аласыз.

Тестінің оңды нәтижесі кезінде сіз осыған көмек пен қолдау алуға кеңес алу үшін дәрігерге жүгіне аласыз. Егер тексеріліп-қаралу неғұрлым ерте жүргізілсе, қажет болған кезде емдеу басталса, солғұрлым денсаулығыңызды сақтау мүмкіндігі мол болмақ.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін өзіне-өзі көмек беру ұйымдары мен топтары және өзінің АИТВ-мен өмір сүру тәжірибесімен ой бөлісетін адамдарды табу туралы ақпарат ала аласыз.

АИТВ-ға тестілеу медицина мекемелерінде анонимді, тегін түрде өткізіледі-өзіңнің жеке басыңның деректерін ешкімге хабарлаудың қажеті жоқ. Тестілеу–денсаулығың үшін қауіпсіз және көп уақыт алмайды. Тестілеу үшін сізден бір рет қан тамырынан қан алады. Нәтижесі 2 күннен кейін дайын болады.

Тестінің теріс нәтижесі осы сәтке қандағы вирусқа антидене табылмағанын, яғни адамның АИТВ жұқтырылмағанын айғақтайды. Антидененің пайда болуы үшін уақыт өтуі керек екендігін, бұл кезеңде, ағзада вирус болғанның өзінде де тесті теріс нәтиже көрсететінін білу маңызды.

Егер тәуекелді жағдайдағы кезден бері кемінде үш ай өтсе, шынайы нәтижесін алуға болады.

Тестінің теріс нәтижесіні сен АИТВ инфекциясынан қорғалғансың дегенді білдірмейтінін еске сақтау маңызды. Жыныстық қатынас жасау кезінде АИТВ жұқтырылудан бірден-бір қорғану–іс жүзінде қауіпсіз сексуалды мінез-құлықпен жүру.

Ағзада вирустың болуын айғақтайтын антидене табылған кездегі жағдайда оңды нәтижесі туралы айтылады. Егер талдама оңды болса, онда қаны оны растау үшін басқадай әдіспен (иммунды блотинг) зерттелетін болады.

Ағзада вирус жоқ болған кезде (жалған талдама деп аталатын) тесті антидененің бар екендігін көрсететін жайлар болады. Бұл сіздің хал-жағдайыңызға да (кейбір аурулардың болуы), сонымен қатар тестілеу үдерісінің өзіндегі іркілістерге де байланысты болуы мүмкін. Сондықтан да оңды нәтижесін растау үшін қайталама зерттеу өткізіледі.

АИТВ-ға тексеріп-қарау қанның кәдімгі талдамасымен шектелмейді. Осы адамға көмек көрсету үшін тестіден өткізу туралы шешім қабылдау және АИТВ-ға тестілеуді өткізетін медицина мекемесінде нәтижесін алуы кезінде туындайтын мәселелерге жауап қайтару керек, клиенттерге тестіге дейін және одан кейін кеңес берілетіндігі жөнінде қызмет ұсынылады. Мұндай кеңес берудің мәні (маманмен әңгіме өткізу) осы адамның нәтижесін алуға дайындалуына көмек көрсету: оның тестілеу дегеннің не екенін ұғынуы, АИТВ инфекциясы туралы жаңа ақпарат алуы, жұқтырылудың өзіндік тәуекелін бағалауы және осыдан қалай арылуға болатындығы туралы білуі болып табылады. Сіздің кеңес берушімен ой бөліскен ақпаратыңыз кабинет қабырғасынан шықпастан осы жерде қалады.



АИТВ-ға тексеріліп-қаралуды анонимді, ерікті және тегін түрде кез-келген емханадан өтуге болады.

Н.К. Сүгірова,

ПӘК кабинетінің дәрігер-эпидемиологы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет