АИТВ-инфекциясы – иммундық жүйенің баяу өршитін ақауымен сипатталатын, лимфоциттерде, макрофагтарда және адамның иммундық тапшылық вирусының (бұдан әрі - АИТВ) жүйкелік тін жасушаларында көп жылдық сақталу нәтижесінде өрбитін инфекциялық ауру, ол жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы (бұдан әрі - ЖИТС) ретінде сипатталған екіншілік зақымдалудан науқастың өліміне әкеледі.
Этиологиясы:
Эпидемиологиясы
АИТВ-инфекциясының көзі – аурудың кез келген кезеңіндегі, оның ішінде инкубациялық кезеңдегі де жұқтырған адам.
Инфекцияның берілуінің қалыптасқан механизмі мен жолдарын ескеріп, ұқсас аурулары бар адамдармен қатынасу дәрежесін талдау:
Иммунопатогенезі:
Клиникалық көрінісі:
ДДҰ-ның жіктемесі бойынша ересектердегі АИТВ-инфекциясының клиникалық кезеңдері.
1-клиникалық кезең:
АИТВ-инфекциясының симптомсыз ағымы;
сақталатын генерализацияланған лимфоаденопатия.
2-клиникалық кезең:
* біркелкі салмақ жоғалту (болжалды немесе өлшенген дене салмағынан < 10%);
• тыныс алу жолдарының жұқпалары рецидивті инфекциялары (синусит, ангина, орташа отит, фарингит);
• белдік теміреткі;
• ангулярлы хейлит;
• ауыз қуысының рецидивті жаралары;
• қышымалы іріңсіз (немесе өзге) бөртпе;
• онихомикоздар;
• себореялық дерматит.
3-клиникалық кезең:
• біркелкі салмақ жоғалту (болжалды немесе өлшенген дене салмағынан < 10%);
• бір айдан астам уақытқа созылған түсіндіруге болмайтын созылмалы диарея;