Күтілетін нәтиже:
Білу: әдептілік туралы өлең сөздерінің мағынасын түсініп мәнерлеп айтып береді. .
Түсіну: әдепті болу үшін мейірімді, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор
Бола білу, таза жүріп, достарына адал болу керектігін түсінеді.
Меңгеру: берілген ойын тапсырмадағы суретті тауып бере алады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.№31
Топ:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Психология
Тақырыбы: «Арыстан мен тышқан»
Мақсаты: Ертегі арқылы балаларды табиғатты қорғауға, ертегінің мазмұнын басты кейіпкерлердің мінез құлқына баға бере отырып, өз ойларын жеткізе білуге баулу. Өз түсініктерін кейіпкерлендіру арқылы көрсете білуге дағдыландыру. Бір-біріне қамқор болуға адалдыққа шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: арыстан мен тышқанның суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотовациялық-қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері
Біздің топта балалар
Тату-тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды.
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Кіріспе әңгіме.
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
Айбарлы түсі бар,
Қанжардай сұсы бар,
Күйжіреген жалды,
Білсең айт бұл аңды?
Арыстан-азулы аң патшасы. Тышқан-кішкентай кеміргіш. Арыстан ашуланғанда күркіреген дыбыс шығарады.
-Біз бүгін Арыстан туралы қызықты ертегі, «Арыстан мен тышқан» деген ертегімен танысамыз.
Сөздік жұмыс.
Қайырым-жақсылық жасау, көмек көрсету деген мағынаны білдіреді. Ал кәдеге жарармын деген сөз-бір кезде мен де жақсылық жасап, көмек беруім мүмкін деген мағынаны білдіреді.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерде берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Сергіту сәті.
Орманға біз барамыз,
Ағаштарды аралап,
Арыстан болып ақырып,
Тышқанша біз жүреміз.
Сұрақ-жауап.
-Арыстан нені ұстап алды?
-Тышқан не деді?
-Арыстан тышқанды неге мазақтады?
-Тышқан арыстанға қалай көмектесті?
|
Балалардың жауаптары.
Жауабы: арыстан.
Балалар сөздердің мағынасын түсініп алады.
Дәптердегі берілген тапсырманы орындайы.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Балалардың жауаптары.
|
Рефлекциялық түзетушілік
|
- Тышқан арыстанды не деп ұялтты?
- Тышқанның тапқырлығытуралы өз ойыңды айт.
|
Балалар өз ойларын айтып жеткізеді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: ертегімен таныса отырып, балалар ертегі кейіпкерлерінің дауыстарын келтіреді, жүріс-тұрысын көрсетеді.
Түсіну: арыстанның тышқанды менсінбегені дұрыс еместігін, басына қиындық түскенде тышқанның да көмекке жарағанын, балалар да бір-біріне көмектесіп, тату болу керектігін түсінеді.
Меңгеру: ертегі бойынша рөлге бөлініп ойнайды.
ЭКСПЕРИМЕНТ ТАҚЫРЫБЫ: №32
«Лабиринт арқылы өт»
(Қабілет)
1. Эксперимент жүргізуші: Еркинова Макпал
2. Зерттелуші: мектепке даярлық тобы
3. Өзіндік есеп: Эксперимент жүргізуге дайынмын.
4. Эксперименттің жүргізілген күні:
5. Эксперименттің мақсаты: Баланың қабілетін дамыту.
6. Эксперименттің барысы: Бұл тапсырмада балаға 24-ші суретті көрсету керек және онда не суреттелгенін түсіндіру қажет.
Стрелкамен көрсетілген, сол жақ жоғарыда орналасқан жерден кіріп, оң жақта жоғары қарай көрсетілген жерден шығу керегін түсіндіру қажет.Мынау айтылған тапсырмалар орындалуы керек: қолына үшкірленген қаламсаппен оны сурет бойынша жылжытып отырып, барлық лабиринттен лажы барынша тез, дұрыс, қабырғаларға тірелмей жүргізуге
қажет.
Эксперименттің көрнекті құралдары: үшкірленген қаламсап.
Қолданылған әдебиет: Р.С.Немов 111 бет.
НӘТИЖЕЛЕРДІҢ БАҒАСЫ:
10 бал- Лабиринттің қабырғасына тигізбей 45 секунд тапсырманы орындаған балаға.
8-9 бал- Лабиринт арқылы қаламсапты жүргізгенде 1-2 рет қабырғаға тигізіп,45 секундтан 60 секундқа дейін тапсырманы орындаған балаға.
6-7 бал- Лабиринт арқылы қаламсапты жүргізгенде 3-4 рет қабырғаға тигізіп, 60 секундтан,80 секундқа дейін тапсырманы орындаған балаға.
4-5 бал-Лабиринт арқылы қаламсапты жүргізгенде 5-6 рет қабырғаға тигізіп 80 секундтан, 100секундқа дейін тапсырманы орындаған балаға.
2-3 бал-Лабиринт арқылы қаламсапты жүргізгенде 7-9 рет қабырғаға тигізіп 100 секундтан 120 секундқа дейін тапсырманы орындаған балаға.
0-1 бал- Тапсырманы 120 секундтан көп уақытта орындаған немесе ештене орындамаған балаға.
ДАМУ ДЕҢГЕЙІНІҢ НӘТИЖЕСІ.
10 бал- өте жоғары
8-9 бал- жоғары
4-7 бал- орташа
2-3 бал- төмен
бал- өте төмен.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.№33
Тобы:
Күні:
Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Психология
Тақырыбы: «Достық мерекесі»
Мақсаты: «Достық мерекесі» өлеңін мәнерлеп оқу, сөз мағыналарын түсіндіру. Өлең мазмұнын айтқызу арқылы қайталай отырып жаттату. Достық сезімдерін ояту, Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: мерекелік иллюстрациялар, әртүрлі ұлттың киімін киген балалардың суреттері, балалардың суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: құшағын ашу, тең басқан
Билингвальді компонент: достық -дружба, тыныш-мирно, жалауша-фложок
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Психолог іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотовациялық-қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр сәніміз
Тыныштықты сақтайық,
Ашық болсын күніміз.
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір –біріне жылы лебіздерін білдіреді.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Кіріспе әңгіме.
-1мамыр-халықтар достығының, ынтымақ мерекесі.
-Мерекеде біз қолымызға не ұстаймыз?
-Достық-барлық елдердің бірлігі, берекесі, татулығы. Еліміз тыныш болса, бәрі де жақсы болады.
-Біз бүгін ақын Серікбай Оспановтың «Тілеріміз бейбіт күн» өлеңімен танысамыз.
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілеріміз бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан!
Сөздік жұмыс.
Құшағын ашу сөзі- бәрін бірдей жақсы көру мағынасын білдіреді.
Тең басқан сөзі барлық ұлттар тең, бірдей жеген мағынаны білдіреді.
Билингвальді компонент: достық -дружба, тыныш-мирно, жалауша-фложок.
Сергіту сәті.
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз
Міне, біздер қандаймыз!
Сұрақ-жауап
-Өлең қалай аталады?
-Бейбіт күн дегенді қалай түсінесің?
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Мақал жаттау:
«Дос болсаң, берік бол,
Досыңа серік бол».
|
Балалардың жауаптары.
-Шар, жалауша ұстап мерекелік шеруге барамыз.
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды, жаттайды.
Сөздердің мағынасын түсінеді.
Қайталайды: достық -дружба, тыныш-мирно, жалауша-фложок.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Балалардың жауаптары.
Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
Балалар мақалды жаттайды.
|
Рефлекциялық түзетушілік
|
-Достық мерекесі күні сендерге несімен ұнайды?
-Бұл күн қандай жерлерге, кімдермен қыдырасыңдар?
|
Балалардың жауаптары.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: достық мерекесі туралы өз түсініктерін айтады.
Түсіну: Қ .Р көп ұлтты мемлекет екендігін және онда түрлі халық тұратынын түсінеді.
Меңгеру: достық меркесіне арнап тақпақ, өлең, мақалдар айтады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.№34
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Психология
Тақырыбы: «Түлкі мен қоян»
Мақсаты: Ертегіні сурет бойынша әңгімелеу. Жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетін өз ойларымен жеткізе білу. Жануарларға қамқор болуға, адамгершілікке тәрбиелеу,
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: түлкі мен қоянның суреттері, ертегі кейіпкерлерінің бетпердесі, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: қу, айлакер
Билингвальді компонент: түлкі-лиса, қоян -заяц, қу-хитрый
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Психолог іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотовациялық-қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері
Адал, жақсы ниетпен
Бар адамға бақ тілеп,
Жарып шыққан жүректен
Сөздің бәрі –ақ тілек.
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір –біріне жылы лебіздері
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Кіріспе әңгіме.
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
Бұлаңдаған құйрығы,
Бар алдарлық қулығы.
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
-Балалар, бүгін біз «Түлкі мен қоян» ертегісімен танысамыз.
Тәрбиеші ертегіні оқып береді, мазмұнын түсіндіреді.
-Түлкі-жабайы аң, ол орманда жүреді.
Өте қу, айлакер. Қоян-өз сыбдырынан да қорқатын қорқақ аң.
Сөздік жұмыс
Қу, айлакер деген сөздер алдайды деген мағынаны білдіреді.
Билингвальді компонент: түлкі-лиса, қоян -заяц, қу-хитрый
Сұрақ-жауап
-Шаршап келе жатқан Түлкі нені көреді?
-Түлкі Қоянға не дейді?
-Қоян түлкінің алдауына түсті ме?
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
-Ертегі қалай аталады?
-Ертегіде қандай кейіпкерлер кездеседі?
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Ұйқасын тап.
Кезіп жүріп өзекті,
Ұстап алдым...
|
Балалардың жауаптары.
Жауабы: түлкі.
Жауабы: қоян
Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.
Қу, айлакер сөздерінің мағынасын түсінеді.
Қайталайды:
түлкі-лиса, қоян -заяц, қу-хитрый
-Жортып жүрген қоянды көреді.
-Қасыма кел, менен неге қорқасың?
-алдағанына сенбей, кетіп қалады.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Балалар жауап береді.
Балалар жауап береді.
Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.
Жауабы: көжекті.
|
Рефлекциялық түзетушілік
|
Ертегінің мазмұнын қайталап сұрайды.
Рөлге бөлініп ойнауға ұсыныс жасайды.
|
Балалар ертегіні рөлге бөлініп ойнайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: ертегіні рөлге бөлініп ойнайды, аңдардың қимылдарын еске түсіреді.
Түсіну: түлкінің қу аң екендігін, қоянның ақылдылығын түсінеді. .
Меңгеру: достарын ешқашан алдамай, бір-біріне көмек көрсетіп, тату болу керегін біледі.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.№35
Тобы:
Күні:
Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Психология
Тақырыбы: «Үш қыз» (ертегі)
Мақсаты: Ертегіні балаларға таныстыра отырып, кейіпкерлер тағдырына балаларды ортақтастыру арқылы кейіпкерлермен бірге қуанып, бірге армандап, ізгілік пен ерсілікті айра білуге үйрету. Балаларды ізеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: ананың және қыздардың иллюстрациялы суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: аяулы жан, қайрымдылық.
Билингвальді компонент: ана-мама, қыздар -дочки, ауыру-болеть
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Психолог іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотовациялық-қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері
Біздің топта балалар
Тату-тәтті ойнайды,
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды.
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір –біріне жылы лебіздері
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Кіріспе әңгіме.
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
-Өмірдегі ең жақын, ең аяулы жан кім?
-Ең аяулы жан-ол ана. Анамызды сыйлап, айтқанын орындап, ренжітпей жүруіміз керек. Анамыз ауырып қалса, дәрі-дәрмек беріп, қарауымыз керек.
-Бүгін біз татар халқының «Үш қыз» ертегісімен танысамыз.
Тәрбиеші ертегіні мәнерлеп оқып береді, мазмұнын түсіндіреді.
Сөздік жұмыс.
Аяулы жан сөзі өмірдегі ең жақын, ең қымбат деген мағынаны білдіреді.
Қайырымдылық деп қиын кезде көмек көрсетуді айтамыз.
Билингвальді компонент: ана-мама, қыздар -дочки, ауыру-болеть
Сұрақ-жауап.
-Анасы тиінді жұмсап, қыздарын не үшін шақырды?
-Тиін үлкен қызды неге айналдырды?
Не үшін?
-Тиін ортаншы қызды неге айналдырды? Не үшін?
-Тиін кіші қызды неге айналдырды? Не үшін?
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қарлығаш боп ұшайық
Бір отырып, бір тұрып,
Жақсы сергіп қалайық.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Мақал жаттау.
«Ана алдында-құрмет,
Ата алдында-қызмет.
|
Балалардың жауаптары.
Жауабы: ана.
Балалар ертегімен танысады.
Сөздердің мағынасын түсінеді.
Қайталайды: ана-мама, қыздар -дочки, ауыру-болеть
-Ауырып қалған соң шақырды.
-Үлкен қызы тегеш тазалап жатқанын айтып, анасына көмекке бармайды. Тиін оны тасбақаға айналдырды.
-Ортаншы қыз тоқыма тоқып жатырмын деп, анасына көмекке келмейді. Тиін оны өрмекшіге айналдырды.
Кіші қызы бәрін тастап, анасына көмекке жүгіреді. Тиін қызды балараға айналдырды.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
Балалар мақалды жаттайды.
|
Рефлекциялық түзетушілік
|
- Егер аналарын, қамқоршың ауырып қалса, сендер қалай көмектесесіңдер?
|
Балалардың жауаптары.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: анасын, қамқоршысын сыйлайды, көмектеседі.
Түсіну: ана-баласы ауырса әрдайым жанында болатын аяулы жан екенін, бала да анаға қамқорлықпен қарауы керегін түсінеді. .
Меңгеру: аналарға арналған өлеңдер мен тақпақтар айтып береді.
Бекітемін _______
МКҚК №113 б/б
меңгерушісі
Калиаскарова Ш.Р.
МКҚК № 162 бөбекжай –балабақшасының «Айгөлек»
мектепке даярлық тобының
2016-2017 оқу жылына арналған психологиядан
жылдық жұмыс жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |