Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.№27 Тобы:
Күні:
Білім беру саласы: Әлеумет. Бөлімі: Психология
Тақырыбы: «Наурыз жақсылықтың бастауы »
Мақсаты: өлеңді оқып – үйренетіп, сөздерінің мағыналарын ашу, түсіндіру өлеңді өз ойын қиялмен ұштастыра айтуға баулу; мерекелік көңіл күйлерін көрсету, Наурыз туралы өз ойларын, көргендерін баяндауға үйрету; балаларды табиғаттың әсемдігін сезіне білуге, адамгершлікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, слайд.
Сөздік жұмыс: сәскеде, секілді.
Билингвальді компонент: Наурыз мерекесі – праздник Наурыз.
-Наурыз мерекесінде наурызкөже пісіріп, ұлттық ойындар ойналады.
Балалар өлеңді мұқият тыңдап, жаттап алады.
Сәскеде, секілді сөздерінің мағынасын түсінеді
Қайталайды:
Наурыз мерекесі – праздник Наурыз.
Балалар қимылмен қайталайды.
Балалардың жауаптары
Балалардың жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
Балалардың қимылын орындайды.
Наурыз мерекесінің ерекшелігін балалардың өз ойларымен толық айтып беруін сұрау.
Балалар Наурыз туралы білетіндерін айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Наурыз мерекесін еске түсіріп, көргендерін айтады.
Түсінеді:өлең шумақтарын жаттай отырып, Наурыз мерекесі ұлттық мереке екенін түсінеді.
Қолданады:өлеңді жатқа оқып, сәскеде,секілді сөздерінің мағынасын айтып береді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. №28
Топ:
Күні:
Білім саласы: Әлеумет
Бөлім саласы: Психология
Тақырыбы: «Табиғат және адам »
Мақсаты: табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін бекіту; табиғатқа деген қамқор қарым-қатынас дағдысын дамыту; тазалықа, ізгілікке тәрбиелеу.
Балалар шаттық шеңберге тұрады. Қызығушылықтары оянады.
Іздену ұйымдастырушы
Өзіммен өзі. Көздерін жұмып отырады да таза шипа ауамен дем алады, алдарына табиғатты елестете отырады. үйлерінде болып жатқан мерекені
Ойын « Табиғатқа қалай көмектесе аламыз ».
Дәйекісөз .«Біз табиғатқа жауаптымыз».
Сергіту сәті : «Мынау менің жүрегім» Тыныштық сәт.
Дәптермен жұмыс .
Ғажайып сөздер .Өнегелі сөздерді қайталап айтады. «Табиғат – айнала қоршаған әлем.Адамдар- табиғат бөлшегі.»
Жүректен жүрекке. Шаттық шеңберіне тұрып табиғатқа ризашылықтарын жеткзеді.
Балалар табиғат туралы білді , өздерінің білгендерін айтты.
Дәйекі сөзді қайталайды.
Мақалды жаттап, түсінігін айтады.
Сергіту сәтін орындайды.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Ойын ойнайды.
Шаттық шеңберге тұрып табиғатқа ризашылықтарын біллдірді.
Рефлексивті коррекциялаушы
Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
Біз бүгін не туралы айыттық?
Табиғат деген не?
Табиғатсыз адамның күні бар ма?Сендер табиғатқа қандай қамқор жасадыңдар? Мадақтау .
Сұрақтарға жауап қайырып қорытындылайды.
Бірін - бірі мадақтайды, баға береді
Күтілетін нәтиже:
Білу : табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы білді.
Игеру: табиғатқа деген қамқор қарым-қатынас дағдылары игерді.
Меңгеру: тазалық, ізгілікті меңгерді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.№29
Тобы:
Күні:
Білім саласы:Әлеумет
Бөлім саласы: Психология
Тақырыбы: « Табиғат - ана»
Мақсаты: « Табиғат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; табиғат пен адамдар арасын дағы байланысты түсіндіру; табиғи ,атқа қамқорлықпен қызығушылықтарын дамыту; табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Балалар шаттық шеңберге тұрады. Қызығушылықтары оянады.
Іздену ұйымдастырушы
Өзім мен өзі.Үнтаспадан құстардың дауыстары естіледі, балалар көздерін жұмып отырады да алдырына табиғатты елестетеді.
Тәрбиеші балаларға табиғат деген не екені туралы айтып түсіндіреді.
«Табиғат - ана» деген ертегіні оқып береді.
Табиғат-Ананың ұлдары адамдарға қандай игілікті істер жасады? Табиғат-Ананың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеуі керек? Неліктен табиғатты анаға теңеп
«Табиғат - Ана» деп атайды?
Дәйекісөз .« Табиғатты қорғау –Отанды қорғау» деген нақыл сөзді дәйекі сөз ретінде түсіндіріледі.
Ойын. « Табиғатпен сырласу».
Сергіту сәті . «Мынау менің жүрегім » Дәптермен жұмыс .
Жүректен жүрекке. Шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын қайталайды.
Балалар табиғат туралы білді , өздерінің білгендерін айтты.
Дәйекі сөзді қайталайды.
Мақалды жаттап, түсінігін айтады.
Сергіту сәтін орындайды.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Ойын ойнайды.
Шаттық шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталап айтты.
Рефлексивті коррекциялаушы
Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
Біз бүгін не туралы айыттық?
Табиғат деген не?
Табиғатты қалай қорғау керек?Не үшін қамқорлық жасау керек ? Мадақтау .
Сұрақтарға жауап қайырып қорытындылайды.
Бірін - бірі мадақтайды, баға береді
Күтілетін нәтиже:
Білу : табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы білді.
Игеру: табиғатқа деген қамқор қарым-қатынас дағдылары игерді.
Меңгеру: тазалық, ізгілікті меңгерді.
Ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы
Топ:
Күні:
Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Психология
Тақырыбы: «Адам болам десеңіз»
Мақсаты:Балаларға «адамгершілік,жақсы адам» ұғымдарының мағынасын түсіндіру.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Кіріспе әңгіме.
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.
Ол не?
«Мақта қыз бен мысық» ертегісімен таныстыру, ертегіні оқып беріп, мазмұнын ашу, түсіндіру.
Мысық-үйде өмір сүреді.
Ол тышқан аулайды.
Сөздік жұмыс.
Қатық-сүтті ұйытып дайындалатын тағам.
Ін-жердің астынан қазып жасалатын баспана, тышқанның үйі деген мағынаны білдіреді.
Сұрақ-жауап.
-Ертегі қалай аталады?
-Мақта қыз не тауып алды?
-Мысық не істейді?
-Мақта қыз мысықты қалай жазалады?
-Мысық қатық іздеп қайда барды?
-Мысық құйрығын қалай қайтарып алды?
Сергіту сәті.
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп, толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай самғаймыз.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Балалардың жауаптары.
Жауабы: мысық.
Балалар ертегімен танысады.
Қатық сүттен жасалады.
Тышқанның іні-тышқанның үйі.
Балалардың жауаптары.
-Мақта қыз мейіз тауып алды. Мысығын шақырды.
-Мысығы келмеді.
-Мақта қыз Мысықтың құйрығын кесіп алды.
Балалар қимылмен орындайды.
Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
Рефлекциялық түзетушілік
Ертегі желісі бойынша мақтақыз бен мысықтың әркетін әңгімелету.
Балалар әңгімелейді.
Күтілетін нәтиже:
Білу: ертегінің мазмұнын түсіне отырып, рөлге бөліп ойнайды.
Түсіну: бір-біріне қамқор болуды, достарына көмектесіп, қолындағысын бірге бөліп жеу керектігін түсінеді.
Меңгеру: әрбір кейіпкердің рөлін ойнай отырып, қимыл арқылы көрсете алады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.№30 Тобы:
Күні: Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Психология
Тақырыбы: «Әдептілік әлемі»
Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқу, сөздердің мағыналарын түсіндіру. Өлең арқылы балаларды шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, әдептілік туралы өз ойларын ашып айта білуге баулу. Әдепті, кішіпейіл, мейрімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: әдептілік туралы суреттер,
Сөздік жұмыс: аяқ-табақты, асықпай.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Психология іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотовациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Кіріспе әңгіме.-
-Балалар, «әдептілік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Әдептілік деп үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тазалықты сүю, достарын ренжітпей ойнау, қиын кезде көмектесуді айтамыз.
-Бүгін ақын Ермек Өтетілеуұлының «Әдептілік әлемі» өлеңімен танысамыз.
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жина аяқ-табақты.
Сөздік жұмыс:
Аяқ-табақ-тамақ ішетін ыдыстар.
Сұрақ-жауап
-Асты асықпай, сөйлемей отырып ішу керек. Асықпай ішкен ас сіңімді болады. Ас ішкен соң ыдыстарды жуып-тазалауға көмектесу керек.
-Әдепті бала деп қандай баланы айтамыз?
-Әдепті атану үшін қандай болу керек?
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Сергіту сәті.
Көшелерден біз өткен,
Ата көрсем, жақын кеп
Сәлем берем ізетпен:
«Есенсіз бе, ата?»-деп.
Алдан әже жолықса,
Бөгелем де әдейілеп,
Сәлемдесем сол тұста:
«Есенсіз бе, әжей»-деп.
Дидактикалық ойын:
«Қайсысы дұрыс?»
Ойынның шарты: тақтаға бірнеше сурет ілінеді, балалар сол суреттердің ішінен әдептілік туралы не көрсетілгенін әңгімелеп береді