Оқу іс–әрекетінің тақырыбы: Мен және менің отбасым.
Оқу іс–әрекетінің мақсаты: Баланың үйдегі орны туралы түсінігін қалыптастыру.
Баланың үлкенді сылау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Балаларға үйдегі қауіпсіздік ережелері жөнінде түсінік беру.
Оқу іс–әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбері.
Адам үшін қандай тамақ пайдалы?
Егер тек қана кәмпит жесең, не болады?
Отбасында кім тамақ пісіреді?
Отбасы дегеніміз не?
Әңгімелесу.
Балаға ең жақын адамдар – әке, ана, аға, әпке, ата–әже т.б. болып саналады.
Балаларға үлкендердің көмегі және сүйіспеншілігі қажет. Ал ата–аналар, әсіресе ата–әжелер өздеріне көп көңіл аударғанды жақсы көреді. Үлкен кісілер демалыс пен тыныштықты қалайды.
Ата–әжелеріңді күту керек! Олар жылы сөзден қуанады.
Ата–анаңды сыйла, оларды күт, ренжітпе, қайда болса да олардың жанынан табылуға асық.
Мақал – мәтелдер (отбасы туралы)
1. Ананың сүті - бал,
Баланың тілі- бал.
2. Ақылды қария – ағып жатқан дария.
3. Ата - бәйтерек,
Бала - жапырақ.
4. Ата-анаңды сыйласаң, көп жасарсың.
Үйде әр баланың өз бөлмесі, өзінің бұрышы болуы қажет. Бала өз бөлмесін жинастыруға жуапты екенін сезініп ойыншықтарын, кітаптарын, төсегін жинай білуі керек. Әр зат өз орнында тұрғаны жөн.
Ойыншық баланың үлкен досы. Олар таза, бүтін және өзінің арнайы орнында болуы керек.
Өзің әдемі және ұқыпты болып көрінуің керек. Сенің шашың күтімді қажет етеді. Шаштың досы –тарақ, ол әрқашанда таза болуы керек.
Біреудің тарағымен таранба.
Сенің аяқкиімің де тазалық пен ұқыптылықты жақсы көреді: оны сүрт, кептір, аяқкиім майымен майла.
Дәрігер Салауаттың кеңесі:
Әке–шешеңе, ата–әжеді сыйла, оларды күт, ренжітпе.
Ауланың және үйдің тазалығын сақтауда үлкендерге көмектес.
Өз бөлмеңнің тазалығын сақта. Лас, ұқыпсыздық адамның денсаулығына кері әсер ететінін есіңде сақта.
Әркімнің өзінің жеке заттары және ойыншықтары өз орнында болуы керек.
Біреудің тарағын қолданба.
Біреудің киімін және аяқкиімін киме.
Әңгімелесу.
Егер отбасында бәреу ауырып қалса, оны кім күтеді?
Әдетте ауырған адамды анамыз күтеді. Ал егерде анамыздың өзі ауырып қалса, оны кім күтеді?
Есіңде болсын! Егер үйде ауырған адам болса,оған тыныштық орнату қажет. Сабырлы ойындарды таңдап алу керек. Күніне бірнеше рет бөлмені желдетіп тұру шарт.
Ауырған адамға лимон мен бал қосылған шай ұсыну керек.
Ауырған адамнан қандай көмек қажет екенін сұрауды ұмытпаңдар.
Сергіту сәті.
Отбасы туралы жұмбақтар
Ән салады чемодан, ішінде жүр көп адам ( теледидар )
Іші мұздап, құрыстап, дірілдейді бір шкаф (тоңазатқыш )
Төрт аяғы, арқасы бар,жалпақ жайлы ортасы бар
Ең алдыңа кісіні алып, сынайды ылғи күшін анық (орындық )
Әңгімені тыңдау, талқылау.
Бала Салауат өмірінің бір күні.
Ертеңгісін анасы дәріханаға жиналып жатып оған: «Сен үйде өзің жалғыз қала тұр, есікті ешкімге ашпа, далаға шықпа» деп тапсырды. Кішкентай Салауат төсек–орнын жинап, шай ішкісі келеді. Ол ас бөлмесіне барып, газ плитасын жағуға тырысты. Осы кезде бала Салауат «Қауіпсіздік мектебінің» ережелерін есіне түсіреді:
Қолыңы сіріңке алма, өрт шығуы мүмкін.
Газбен абай бол! Ол тез тұтанып жарылады.
Бала Салауат сіріңкені орнына қойып, шайдың орнына сүт ішеді. Осы кезде біреу қоңырау соғады, бала Салауат есікті ашуға жүгіріп бара жатыр, анасының айтқан сөзін есіне түсіреді де, ақырын з бөлмесіне кетеді.
Үйде жалғыз қалғанда ешкімге есік ашпа.
Кішкентай Салауат анасы келгенде қуантпақ оймен, өзінің жейдесін үтіктемекші болып, үтікті тоққа қосты. Ал «Қауіпсіздік мектебінің» ережесі қалай еді?
Электр құралдарын үлкендерсіз тоққа қосуға болмайды.
Кішкентай Салауат үтікті тоқтан ажыратып тастадыү
Анасы келген кезде қуанышпен қарсы алған кішкентай Салауат үйіне бөтен, бейтаныс адамның, келгенін, бірақ өзінің есік ашпағанын баяндайды. Анасы ұлын мадақтап «Жарайсың» – дейді.
Анасы бала Салауатқа өмірде тек қауіпті заттармен қатар, адамдардың да қауптң болатынын айтады. Олар үйдегі дүние мүлікті ұрлап қана қоймай, балаларды да ұрлап кетуі ықтимал деп түсіндіреді.
Ана, әке, әже, ата туралы тақпақтар (балалар айтады)
Қорытынды:
Жеке бастың тазалығын сақтау. Тазалық пен ұқыптылық адам денінің сау және бақытты болып өсуіне көмектеседі.
Жақсы, таза үй адамның өз өзіне деген сенімділігін тудырады және жақсы өмір сүруңне жағдай жасайды.
Бейтаныс адамды үйге шақырма және кіргізбе
Қауіпсіздік ережелерін әрқашанда жадыңда ұста.
Достарыңызбен бөлісу: |