Сұрақтар мен тапсырмалар Айқас түзулердің ортақ перпендикуляры дегеніміз не?
Айқас түзулердін арақашықтығын қалай табамыз?
Түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш қалай анықталады?
АВСDА1В1С1D1 кубының берілген түзулері арасындағы бұрышты табыңдар: 1)AB және BB1, 2)BD және BB1.
Тапсырмалар: 1. АВ кесіндісі жазықтыққа параллель.Оның ұштарынан жазықтыққа АС және ВД көлбеулері жүргізілген және |АС|= c, |ВД|= k. АС көлбеуі жазықтықпен бұрыш жасайды. ВД көлбеуі жазықтықпен қандай бұрыш жасайды?
2.А нүктесі жүргізілген АВ, АС және АД үш сәуле өзара бұрыштарын жасайды. Үш сәуле бір жазықтықта жата ма, әлде жатпай ма?
3. а,в,с түзулері бір жазықтыққа параллель. Егер в және с түзулері а түзуімен сәйкес 600 және 800 бұрыш жасаса, в мсен с түзулерінің арасындағы бұрыш қандай?
4. А нүктесі жазықтықтан һ қашықтықта орналасқан. Осы нүктеден жазықтықпен: а)300; ә) 450; б) 600 бұрыш жасайтын көлбеудің ұзындығын анықтаңдар.
5.Ұзындығы 10 м-ге тең кесінді жазықтықпен қиылысады және оның ұштары жазықтықтан 2 м және 3 м қашықтықта орналасқан.Берілген кесінді мен жазықтық арасындағы бұрышты табыңдар.
6.Жазықтықтан қашықтықта орналасқан нүктеден жазықтықпен 300 бұрыш жасайтын, ал проекцияларының арасындағы бұрыш 1200 болатын екі көлбеу жүргізілген.Көлбеулердің ұштарының арақашықтығын табыңдар.
7. жазықтығы мен ұзындығы |АВ|= 13 см кесіндісі берілген. Егер кесіндінің ұштары жазықтықтан 5 см және 8 см қашықтықта орналасса, жазықтықпен кесінді жасайтын бұрыштың шамасын есептеңдер.(АВ кесіндісі жазықтықпен қиылысатын және қиылыспайтын екі жағдайды қарастырыңдар)
8.Қабырғасы а-ға тең АВС дұрыс үшбұрыштың О центрінде үшбұрыш жазықтығына ОК перпендикуляры тұрғызылған және К нүктесінен АС қабырғасына КД перпендикуляры жүргізілген. Егер АК көлбеуі b-ға тең болса, КД көлбеуі мен АВС үшбұрышы жазықтығының арасындағы бұрыштың шамасын табыңдар.
9.Теңбүйірлі екі үшбұрыштың табандары ортақ,ал олардың жазықтықтары 600 бұрыш жасайды. Ортақ табаны 16 м, біреуінің бүйір қабырғасы 17 м, ал екіншісінің бүйір қабырғалары перпендикуляр.Үшбұрыштардың төбелерінің арақашықтығын табыңдар.
10.Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері 7 м және 24 м. Гипотенуза арқылы өтіп,үшбұрыш жазықтығымен 300 жасайтын жазықтықпен тікбұрыштың төбесіне дейінгі қашықтықты табыңдар.
11.Теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың катеті арқылы екінші катетімен 450бұрыш жасайтын жазықтық жүргізілген. Гипотенузамен жазықтық арасындағы бұрышты табыңдар.
12. жазықтығында жататын а түзуі жазықтығында жатпайтын b түзуімен қиылысады және онымен бұрыш жасайды. b түзуінің проекциясы мен а түзуінің арасындағы бұрыш -ға тең. b түзуі мен жазықтығының арасындағы бұрышты табыңдар.
13. Қабырғалары |MN|=a, |NK|=3a болатын MNKP тіктөртбұрышының М төбесінде оның жазықтығына |MЕ|=2a перпендикуляры тұрғызылған. МР мен КЕ түзулерінің арасындағы бұрышты табыңдар.