«Айқын мақсат қоя отырып»



Pdf көрінісі
бет78/79
Дата11.01.2023
өлшемі1,75 Mb.
#165305
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Байланысты:
ӘДІСТЕР ҚОЙМАСЫ

7. «Допты лақтыру» 
Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған 
оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап 
бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды 
бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді. 
8. «Сөзді тап». 
Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз 
қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 
минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан 
оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады. 
9. «Конверттегі сұрақ». 
Әрбір оқушыға арнап конверт дайындаңыз және оқу 
мақсатына сәйкес 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз. Конвертті оқушыларға 
таратып 2 минут уақыт беріңіз: оқушы стикерде өз атын, сұрақтардың жауабын 


97 
жазып конвертке салады және конвертті келесі оқушыға жібереді. Барлық 
оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады. Соңында стикерлерді 
жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып 
жауаптардың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды 
10. «Пікір алмасу» (Showdown). 
Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ 
дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші 
жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі 
сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы 
белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс 
жауаппен салыстырады. 
11. Элективті тест. 
Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға A, В, С, D, Е арқылы 
белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл стикерді таратады. Әрбір 
сұрақты қойғаннан кейін 20сек. кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес әріпті 
көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін 
дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.
__ 
Ықшам тақталар 
Өз рұқсат қағаздарының екінші жағын пайдалана отырып, оқушылар: қысқаша 
сұрақтарға жауап жаза алады, олардың «талпынатын» деңгейін көрсете алады
оларды «ақиқат-жалған» жаттығуы үшін пайдалана алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет