67
«Ой қозғауды» сабақта былайша қолдануға болады:
Оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы
бар білгендерін берілген уақыт ішінде жазбаша келтіреді.
Мұнда ең бастысы идеялардың көптігі, олардың
еркін жағдайда айтылуы
болғандықтан, оқушылар өз ойындағыларын еш күмәнданбай (мәселен, олардың
дұрыс-бұрыс, қажет-қажет еместігіне қарамай) келтіре беруі керек;
Идеялар ешқандай сынға ұшырамауы керек, өйтпеген жағдайда оқушылар
тосылып қалып, идеяларды келтіре алмауы мүмкін;
Барлық
идеялар сарқылмайынша, олар қағазға түсіріле беріледі;
Идеяларды келтіру жұмысы аяқталғаннан
кейін ғана оларды талқылау
жұмысы басталады.
Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт (2-6 минут) аяқталған соң,
оқушылар бірлесе (жұптасып,
шағын топ ішінде, бүкіл сынып болып)
жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады (4-20
минут)
«Ой қозғауда» балама келтіру (аналогия), қиял-фантазия,
инверсия, эмпатия
тәсілдері кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: