68
-Тоқтауға болмайды!
-Шеңбер жүруін тоқтатқанша суретті сала беру керек.
-Суретке ренжуге болмайды!
2-нұсқа
Жоғарыда келтірілген мақсатта (мидың екі жарты шарын іске жұмылдыру
үшін) бала кезден белгілі мынадай әрекет жасауға болады:
оқушылар сол
қолымен қарындарын сипалап, оң қолдарымен
төбелерін ақырындап
шапақтайды. Мұғалімнің берілген командасы бойынша («Үш, төрт!
Қолдарыңызды ауыстырыңыздар!) олар қолдарын алмастыруы қажет.
Әрине, бұл тапсырманы орындау оңайға соқпайды.
3-нұсқа.
Аталмыш мақсатта (мидың екі жарты шарын іске жұмылдыру
үшін) тағы да бала кезден белгілі мынадай әрекет жасауға болады: оқушылар сол
қолымен мұрнын ұстаса, оң қолымен сол құлағын ұстайды. Мұғалімнің берілген
командасы бойынша(«Үш,төрт! Қолдарыңызды ауыстырыңыздар!») олар
қолдарын алмастыруы қажет.
4-нұсқа. Оқушылар дәптерін төбесіне (басына) қойып,
өзінің жұптасына
қарап отырып, берілген қысқа уақыт ішінде (1-1,5 минут) оның суретін салуға
тырысады. Суретті салып бітіргенше, дәптерге қарауға болмайды. Әрине, салған
суреттердің
қисық-қыңыр болатындығы сөзсіз, алайда олардың оқушыларға
қызық болып көрінуі сөзсіз. Оқушылар сурет салынған парақтарға өз қолдарын
қойып, бір-біріне тарту етеді.
Достарыңызбен бөлісу: