56
атайды, оған сын есім қосады да, алдында тұрған барлық оқушылардың есімдері
мен эпитеттерін қайталап шығуы керек: «Алғыр Асан,
думанды Дәмеш,
сабырлы Сейітжан, әділ Әбілғазы, реңді Рызуангүл, жалынды Жомарт! Ал мен -
берекелі Бақытпын!».
Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға мұқият тыңдау мен зейін қою
қасиеттерін іске қосу қажет. Мұғалімнің танысуды өзінен бастауына болады, ал
егерде ол оқушыларға өзінің жады мен есте сақтау қабілетін көрсеткісі келсе,
онда ең соңында жауап береді.
«Қар үйіндісі»
Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек.
Кейін жұбы
ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар
басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап
болып біріктіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: